Көше және қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың себебі неде? Және де қарызы барларды іздестіру жөніндегі жұмыстың тиімділігі қандай? Осы мәселелерді талқылау мақсатында елорданың «Есіл» аудандық прокуратурасы кеше әкімдікпен және жергілікті полициямен ведомствоаралық кеңес өткізді.
Отырыста көше қылмысы қоғамға тікелей әсер ететіндіктен, оған бейжай қарауға болмайтындығы ерекше аталды. Өйткені көшелер мен қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар 142 және 168 пайызға артқан. Саралау нәтижесі көрсеткендей, ішкі істер органдары тарапынан қылмыстың алдын алуға қатысты жұмыстарды тиімді әрі ұтымды жүргізу жайы жолға қойылмаған. Соның салдарынан көңіл көтеру және сауда орындарында жазғы мезгілде қылмыстың саны өсе түскен. Әсіресе жастар мен мектеп оқушылары бұл кезде өз уақыттарын көбінесе көшеде өткізетіні белгілі. Сондықтан күндіз азаматтардың жеке мүліктерін: ұялы телефон, сөмкелерін, велосипедтерін, планшеттерін және өзгелерін ұрлау, сондай-ақ тонау фактілері көптеп орын алуда. Ал кеш батқанда бұзақылық, төбелес және өзге де тыныштықты кетірген жайттар орын алады екен. Көшедегі және қоғамдық орындардағы қылмыстық әрекеттердің 38 пайызы кешкі 17-22 сағат аралығында орын алса, 34 пайызы түнгі 00-ден таңғы сағат 5-9 аралығында, ал 16 пайызы таңғы 6-11 сағат аралығында жасалады.
Сондай-ақ, кеңесте елорданың бірқатар көңіл көтеру орындарында орын алған бұзақылықтар да аталмай қалмады. Мысалы, «Лабиринт» кафесінде 21 бұзақылық тіркелсе, «Изюм» кафесіне қатысты 17 факті аталды. Күн сайын қала көшелерінде 24 патрульдік топ кезекшілік жасаса, 8 стационарлық полиция пункті жұмыс істейді. Алайда олардың атқарған бұл жұмысынан әзірге нәтиже төмен. Олай болса Қабанбай батыр мен Қорғалжын тасжолы бойындағы қылмыстық әрекеттердің тыйылар түрі жоқ. Сол сияқты Илинка кентінде де қылмыс өршіп тұр. Бұл елді мекенде құқық бұзушылық негізінен күндізгі уақытта жасалатын болса, автопатруль полициясы тек кешкі 19-дан кейін ғана жұмысына кіріседі екен. Сондай-ақ, елорданың мәртебесіне сәйкес сырттан келушілерді, бұрын сотталғандарды, арнайы есепте тұратындарды анықтау үлкен маңызға ие. Осы тұрғыдан келгенде жергілікті полиция өз пәтерлерін жалға беретін кәсіпкерлермен жұмысты жолға қоймаған. Ауданда қоғамдық орындарда орын алған барлық қылмыстық әрекеттердің тек 15 пайызы ғана ашылады екен. Кейбір қылмыстық істерді тексеру барысы көрсеткендей, тергеу органдары жедел қызметтермен бірлесіп, іске айғақтарды тіркемейтіні белгілі болды. Тарқатып айтқанда, бейне бақылау камералары арқылы жазылып алынған жазбаларды талап ету, сол арқылы кінәлі адамдарды анықтау жолға қойылмаған. Сотқа дейінгі тергеудің дұрыс ұйымдастырылмауынан қылмыс жасаған адам жауапкершіліктен сытылып кетіп жатады. Қоғамдық орындарда жасалған 1177 қылмыстық әрекеттің 74-і бойынша күдіктілер ұсталған. Онда да олар күзет қызметкерлерінің немесе жапа шегушілердің өз күшімен қолға түсіп отыр. Қылмыстық істің тек 69 пайызы ғана сотқа жолданған немесе жабылған. Ал қалған қылмыстық іс-әрекеттің 31 пайызында кінәлі жандар әлі күнге жауапқа тартылмай келеді. Бұл өз кезегінде тұрғындар арасында құқықтық нигилизмді тудырып, қылмыскерлердің жауапқа тартылмауынан қоғамдағы немқұрайдылыққа соқтырады дейді прокурорлар.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

АҚШ НЛО туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53