Су – тіршілік көзі. Еліміздің кейбір өңірлерінде су ресурстарының тапшылығы экономиканың кен игеру салаларын, сонымен қатар, жеке қалаларды және өнеркәсіптік кешендерді дамыту үшін табиғи әлеуетті толық іске асыруға мүмкіндік бермейді. 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының су секторы мен су шаруашылығы саясатын дамыту тұжырымдамасында су ресурстарының тапшылығы, жербеті және жерасты суларының ластануы, су шығындарының нормадан тыс көп мөлшерде болуы, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінің шиеленісуі, мемлекетаралық су бөлісу мәселелері ашық айтылған.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығын сумен қамту біршама қысқарды, яғни жүйелі суарылатын алқап көлемі екі есе азайды. Су шаруашылығының тұрақты дамуына су ресурстарын интегралды пайдалану, суару жүйелерін кешенді қайта құру және суды үнемдеу технологиялары мен суарудың заманауи техникасын ендіру жолымен қол жеткізуге болады. Осы мәселелерді тиімді шешудің жолы су шаруашылығын ғылыми қамтамасыз ету болса керек. Бұл әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты және еліміздің даму бағытын елеулі дәрежеде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Міне, Тараз қаласында өткен «Су шаруашылығын ғылыми қамтамасыз ету – тұрақты даму факторы» атты II халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы су шаруашылығын тұрақты дамыту мен су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне арналды. Жиынға Ресей, Орталық Азия және Кавказ мемлекеттерінің су шаруашылығы саласының жетекші ғалымдары мен мамандары қатысып, суарудың инновациялық технологияларын пайдалану, су шаруашылығының экономикасы және экологиясы, ауыл шаруашылығын сумен қамту және жайылымдарды суландыру бойынша ойларын айтып, пікірлерімен бөлісті.
Трансшекаралық су ресурстарын дамытудағы және басқарудағы ынтымақтастық көршілес мемлекеттердің жалпы әлеуметтік және экономикалық тұрақты өсуінің, қоғамдық денсаулықты сақтаудың, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздіктің, қоршаған ортаны қорғаудың, апаттардың алдын алудың, қаланың және ауылдың тұрақты дамуының, климаттың өзгеруіне бейімделуінің негізі болып табылады. Сондықтан халықаралық құқық нормаларына сәйкес, трансшекаралық және сектораралық мәнде су ресурстарын бірлесіп дамытуды және басқаруды күшейту қажет, дейді су шаруашылығының мамандары.
Иә, шынында су ресурстары тапшылығының күшеюіне және экологиялық тұтастықты сақтап қалу қажеттігіне байланысты мелиорация мен су шаруашылығын дамытуда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру керек. Сондай-ақ, ауылшаруашылық дақылдарын әртараптандыру барысында жербеті және жерасты суларын пайдалану негізінде суды үнемдеу технологияларының кеңінен ендірілуі, шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін ауыз су, шайынды суларды тазарту, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру бойынша нақты шараларды қолға алу үшін «Мелиорация туралы» және «Гидротехникалық құрылымдардың қауіпсіздігі туралы» заңдардың қабылдануы қажет.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

Олимпиадада төрешілік еткен Қазақстандық маманға айып тағылды
Қоғам • Бүгін, 20:46
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 20:25
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Қазақстан • Бүгін, 19:55
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:23
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22