Биыл аймақта 561,2 мың гектар алқапқа егіс салу жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда егіс алқабы 48,4 мың гектарға ұлғаяды деген сөз. Дәнді дақылдар 336 мың, малазығындық дақылдар 176,1 мың, майлы дақылдар 38,6 мың, картоп 5,75 мың, көкөністер мен бақша дақылдары 4,7 мың гектарға орналастырылады.
Егіс науқаны барлық аудандарда және Ақтөбе қаласы аумағында уақытында жүргізілді. Ауылшаруашылық құрылымдары көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін қажетті техникамен және жанар-жағармаймен толығымен қамтамасыз етілді. Дәнді дақылдар көзделген межеде толық себілді. Осыған байланысты Бердібек Сапарбаев науқанды мейлінше қысқа мерзім ішінде аяқтауды тапсырған болатын.
Облыс басшысы бау-бақша және көкөніс дақылдарына бөлінген алаңдардың кеңейтудің мардымсыз жүргізіліп жатқанын сынға алды.
– Осыдан кейін біз өз өңірімізді қажетті өніммен қамтамасыз ете алмаймыз, көкөністі басқа облыстардан тасуға мәжбүр боламыз. Мұндай жағдайдың неліктен орын алғанына талдау жасау керек, – деген еді.
Шегірткемен күрес жүргізетін штаб құру бойынша шаралар алынуда. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Шерияздановтың айтуынша, өңір шегірткемен күресу үшін қажетті химикаттармен және техникамен толығымен қамтамасыз етілген. Ең бастысы, облыстың қай аумағында болмасын шегірткенің пайда болуын дер кезінде қадағалап отыру.
Б.Сапарбаев кеңес барысында суармалы және жайылма алқаптарды айналымға қосу, облыс аумағымен өтетін өзендерді, әсіресе, құрғақшылықтағы Ырғыз, Байғанин және Ойыл аудандарында дұрыс және тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударды.
Өткен жылы облыста қолда бар суармалы жерлердің жартысынан азы ғана пайдаланылды. Ағымдағы жылы суармалы жер көлемін 12 мыңнан 18,8 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. Бүгінгі күні 13,9 мың гектарға әртүрлі ауылшаруашылық дақылдары егілді. 9 мыңдай гектарға жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
– Мемлекет басшысы суландырылатын алқаптар көлемін ұлғайту мәселесіне ерекше көңіл бөлуде, өйткені бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді тетіктерінің бірі болып табылады. Талдау көрсеткеніндей, әзірге аудандардың барлығы бірдей биылғы жоспарларын орындаған жоқ. Ырғыз ауданында жоспар – 15, Алғада – 62, Ойыл және Қарғалы аудандарында 63 пайызға орындалды. Бұдан басқа, бір ауданнан да суландырылатын алқаптарды қосымша ұлғайту бойынша тапсырыс түскен жоқ. Ал мемлекет қазір бұл жобаны жүзеге асыру үшін қаржы бөліп, көмек көрсетуде. Сондай-ақ, бөгеттер құрылысы арқылы суландыруды дамыту мүмкіндігін қарастыруымыз қажет, – деп атап көрсетті өңір басшысы.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Олимпиадада төрешілік еткен Қазақстандық маманға айып тағылды
Қоғам • Бүгін, 20:46
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 20:25
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Қазақстан • Бүгін, 19:55
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:23
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22