06 Тамыз, 2016

Төлем рәсімі жеңілдеді

268 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
3O8A4935 Бұл жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлемдерді машақатсыз алуға көмегін тигізуде Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдерді есептеуге қажетті құжаттар топтамасы қысқартылды. Бұл Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болып отыр. Енді, өтініш берген кезде әйел­дерге соңғы 12 айға жұмыс орнынан табыстары туралы анықтама ұсыну қажет емес. Жеке куәлігін, еңбекке жа­рамсыздық парағы мен банктік шотын ұсыну жеткілікті. Жеке кәсіпкер деген куәлігі бар әйелдерге сондай-ақ, ЖК тір­кеу туралы куәлік пен салықтары бойын­ша са­лыстырып тексеру актісі қажет болады. «Бұрын мемлекеттік корпорацияның жұмыс­керлері автоматтандырылған ақпарат­тық жүйеге нақты аударылған әлеу­мет­тік аударымдарды жұмыс орнынан беріл­ген анықтамада көрсетілген сомалармен са­лыстырып тексеру жүргізетін. Ал ол сәй­кес болмаған жағдайда өтініш берушіге құ­жат­тар нақтылау үшін қайтарылатын», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясы директорының орынбасары Серікқан Сабыржанов. «Бұдан былай Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшерлерін тағайындау қағи­да­тына енгізілген өзгерістердің арқа­сында жүктілігіне және босануына байланыс­ты төлемдерді тағайындау автоматтан­дырыл­ған ақпараттық жүйеде қамтылған нақты аударымдар бойынша жүзеге асыры­латын болады. Жүктілігіне және босануы­на байланысты төлемдердің мөл­шері есептелген және аударылған әлеу­мет­тік аударымдардың дұрыстығы үшін жауап­кер­ші­лік арқалайтын жұмыс берушіге тіке­лей байланысты екендігін есте сақтау қажет», – деп түсіндірді директордың орынбасары. Зейнетақы мен жәрдемақы есептеу жөнін­дегі кез келген мәселе бойынша консуль­­тацияны қазақстандықтар 1411 тегін нө­міріне қоңырау шалып алуына болады. Мемлекеттік корпорация арқылы жүк­тілігіне және босануына байланысты табысынан айырылу жағдайына қатысты жыл басынан бері барлығы 97,5 мың әлеуметтік төлем тағайындалды.  Назар ҚАСЫМ