Соңғы жылдары Барқытбелдің бауырындағы берекелі Тарбағатай елі жылдам көркейіп келеді. Жуырда аудан орталығы – Ақсуатта ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жаңадан музыкалы субұрқақ ашылды. Аталған нысанның ашылу салтанатында жергілікті ақсақалдар мен ақ кимешекті әжелерден еңбектеген балаларға дейін жүздері бал-бұл жайнап, ерекше қуанышқа бөленді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалалар мен ауылдарды абаттандыруға ерекше мән беріп келеді. Сондықтан, ауыл көшелерінің әсем де әдемі, таза да көрікті болуы көпшілікпен бірге атқарылатын, тәрбиелік және мәдени мәні жоғары іс деп білген жөн, – деді аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев субұрқақтың тұсаукесерінде.
Аталған шарада тарбағатайлықтар жарық диодты шамдармен түрлі түске еніп, сан құбылған субұрқақтың тамаша көрінісіне тәнті болды. Әрі жарық шашып, әрі әсем әуендер ойнап тұратын субұрқақ әлі-ақ ақсуаттықтардың сүйінішіне, сүйікті демалыс орнына айналады, десті тұрғындар. Осы іспетті субұрқақ жақында ауданның тағы бір ірі елді мекені саналатын Ақжар ауылында да пайдалануға берілмек.
Айта кету керек, кейінгі уақытта Тарбағатай ауданында мәдени ескерткіштер, демалыс орындары көптеп ашылуда. Мәселен, жуырда бой көтерген Абай, Мұрын ана, Мақта апа мен Байжігіт баба, Тоғас батыр ескерткіштерінің маңы гүлдендіріліп, жұртшылық дем-алатын саябаққа айналып үлгерді.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы

«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Спорт • Бүгін, 15:45
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42