06 Тамыз, 2016

Рио Олимпиадасында бірінші әлем рекорды жасалды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06-08-16-kim

Кеше, 5 тамыз күні Рио-де-Жанейро Олимпиялық ойындарындағы бірінші әлем рекорды жасалды. Оны Оңтүстік Корея спортшысы Вуч-Жин Ким садақ атудан өмірге келтірді. Садақшы іріктеу жарысында 72 талпыныстан 700 ұпай жинап, бұған дейінгі көрсеткішті 1 ұпайға жақсартты. Осы сынға қазақстандық садақ атушы Сұлтан Дүзелбаев та қатысты. Ол біздің елімізден Ойындар жарысын бірінші болып бастап отыр. Мұнда Сұлтан 648 ұпай жинап, көштің 48-орнына табан тіреді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ