07 Тамыз, 2016

Рио-2016: Жансай Смағұлов екінші айналымда ұтылып қалды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

07-08-16-smagulov-2

Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Рио-де-Жанейро Олимпиялық ойындары турнирінің екінші айналымында Корея спортшысы Ан Ба Улдан ұтылып қалды. 66 килоға дейінгі салмақтағы бұл жекпе-жекте корей палуаны таза жеңіске жетті. Ол «иппон», «вазари» мәртебелерімен басым түсті. Бұған қоса, қазақстандық атлет екі ескерту алды. Айта кету керек, корей спортшысы 1/32 финалдан бос болды. Ал Жансай бельгиялық Яспер Лефеврден басым түскен еді. Енді 1/16 финалда жарыс жолынан шығып қалып отыр. Мұның алдында Қазақстан қоржынына түскен екі медальды да дзюдошылар әперді. Атап айтқанда, Елдос Сметов – күміс, Отгонцецег Галбадрах қола медаль алып келді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ