Соңғы жылдары түрлі атаулы күндер пайда болуда. Әрқайсысының өз ерекшеліктері, маңыздылығы бар. Павлодарлықтар да «Ертіс күнін» биыл үшінші рет атап өтті.
Әрине, «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігі облыс әкімдігінің қолдауымен, «Қазхром» АҚ ТҰК (Еуразия тобы құрамында (ERG) бірлесіп өткізген бұл күн – Ертіс өзені жағасында орналасқан облыс орталығы, әсем қаламыз үшін атына заты сай лайықты мереке. Бір уақытта өзенде 100 үлкен, 2 мың кіші кемелер жүріп өтіп, су бетінің сәнін келтірді. Қайықтармен жүзу жарысының өзі 4 күнге созылды. Олимпиадалық спорт түрінің бірі – ескек есуден енді өңіраралық жарыстар өткізу де жоспарлануда.
Жалпы, бұл күннің мақсаты – Ертіс өзенінде спорт, су туризмін жасау, Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілік, өткеннің іздерін іздеу, саламатты өмір салтын насихаттау. Жағалауда «Туризм PVL-2016» көрмесі де ұйымдастырылды. Біздің облыс пен Ресейдің жағалауда құрылған шатырларында шеберлер, суретшілер, қолөнершілер «Ертістің түрлі-түсті тамшылары» атты көркемөнер картиналарының, «Адам және су» атты су өнімдерінің, «Ертіс дарындылары» шығармашылық жұмыстарының көрмесін, кеме үлгілерінің экспозицияларын көрсетсе, туристік сала өкілдері де өз жұмыстарын паш етті. Көрмеге шығарылған туындылардың арасында қаладағы көркемөнер, сурет мектебінің оқушылары жасаған кемелер ерекше көзге түсті. Бір кемені жасау үшін жарты жылдан екі жылға дейін уақыт кеткен көрінеді.
Ал осы атаулы күнді өткізуге бастама жасаған ұйымдастырушы, облыс орталығындағы «География үйінің» директоры Александр Вервекиннің айтуынша, жалпы, шара барысында тұрғындар, жастар, балалар, біріншіден, Ертіс өңірінің тарихы және географиясымен танысуға мүмкіндік алды. Орыс география қоғамының Омбы өңірлік бөлімшесінің Омбы-Ямышево-Омбы «Дорогами Бухольца» халықаралық экспедициясы өкілдерімен кездесті. Экспедиция Омбы қаласының 300 жылдығына арналыпты.
Соңғы уақытта трансшекаралық Ертіс өзені жайлы жиі айтылады. Суы азайып барады деп мұңайдық. Қалың зауыттар орналасқан өз өңірімізде ағып жатқан өзеннің, әрине, экологиялық ахуалы да ойлантады. Өзен арнасы биыл шүпілдеп ернеуінен асып-төгілді. Биылғы Ертістің бұлай мінез көрсетіп тасуы да ғажап көрініс еді.
– Сондықтан, «Ертіс күні» деп атап өткіміз келгені – ел назарын аудару. Біздің мақсатымыз – үш елдің ортасында ағып жатқан өзенді қорғау, сақтау, қазіргі өсіп келе жатқан балаларға оның маңыздылығын, қажеттілігін жеткізу, – дейді Александр Вервекин.
Айтса айтқандай, өсіп келе жатқан ұл-қыздар бірінші кезекте өз жерінің, елінің тарихын, өткенін білулері керек дегенді жиі айтамыз. География, тарих арқылы еліміздің қай жерінде қандай тарихи орындар, өзендер, көлдер, обалар, қорғандар, таулар тұрған жер сырын білу үшін «Ертіс күні» сияқты танымдық шаралар өткізу әбден қажет.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР

Ораза кезінде екпе салдыруға бола ма?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді
Қоғам • Бүгін, 11:50
Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?
Қоғам • Бүгін, 11:43
Софиядағы шаршы алаңда еліміздің төрт боксшысы өзара жұдырықтасты
Бокс • Бүгін, 11:38
Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті
Аймақтар • Бүгін, 11:22
Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 11:12
«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?
Футбол • Бүгін, 11:07
Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Куба шекарасындағы атыстан 4 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:33
Астанада аяз күшейді: Екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 10:25
«Ресейге қайтуды жоспарлап отырмын»: Әзілкеш Нұрлан Сабуров Пхукетте концерт берді
Қоғам • Бүгін, 10:11
Боранға байланысты қай жолдар жабылды?
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматыда есірткінің ірі көлемін саудалағандар ұсталды
Заң • Бүгін, 09:50
Су қоймаларының құрылысы қалай жүріп жатыр?
Қоғам • Бүгін, 09:42