Тұрақтылық күші – бірлікте. Ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома бұл. «Бөлінгенді бөрі жейтінін», «саусақ бірікпесе, ине ілікпейтінін» солтүстікқазақстандықтар да жақсы түсінеді. Елбасының ұлтаралық татулыққа, конфессияаралық келісімге негізделген саясатын жан-тәнімен қолдайтындықтары сондықтан. Сабақтастық дәстүрлері өз жарасымын тауып, келешек ұрпаққа үлгі-өнеге болсын деген тілекте. Сол себепті тәлім алар тағылымдарды іс жүзінде орнықтыру шараларына белсене қатысып келеді.
Өңірде тұратын түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен өткен «Салт-дәстүр» этномәдени фестивалі барысында елдегі тыныштық пен өзара келісім басты тақырып арқауына айналып, қазақстандық жарқын жол ұстанымдары жан-жақты паш етілді. Ұлттық нақышта киінген адамдар Тәуелсіздік стелласы алаңына жиналып, мереке ажарын аша түсті. Бір-бірлерімен емен-жарқын амандасып, құттықтау сөздері болашағымыз баянды болғай деген ақжарма тілектерге ұласып жатты. Осы бір ұстын табиғи өріліп, әдемі үйлесім тауып, «па, шіркін!» деген ерекше лепті аңғартқандай.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимовтың жұртшылық алдында сөйлеген сөзі жарқын шықты. Ол фестиваль Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп жатқанын, тұрғындарды біріктірушілік, ортақ мақсатқа жұмылдырушылық маңызын атап көрсетті. Осыдан ширек ғасыр бұрын облыста 5 қана этномәдени бірлестік құрылса, қазір олардың саны 25-ке жеткен. Жергілікті жерлердегі 130-ға тарта ұлттық бірлестіктер өскелең ұрпақ бойына қазақстандық патриотизмнің жақсы үлгілерін қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді, деді Н.Салимов.
Сәндік-қолданбалы қолөнер көрмесін тамашалаушылар назарына ұлттық киімдер, саз аспаптары, қыш ыдыстар, зерлі әшекей бұйымдар, теріден, киізден жасалған өнімдер ұсынылып, көз жауын алатын заттар хас шеберлердің қолынан шыққанын бірден айғақтайды. Ақжар ауданынан арнайы келген Мәдиқажының отбасы домбыра, қобыз, адырна, астау жасаумен көптен бері айналысады екен.
Облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегері саналады. Былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде алған жеңілдікті несиеге шетелдік станок алып, ісін дамыта түскен.
– Мен металл, ағаш қалдықтарынан, пластикалық заттардан қолөнер өнімдерін жасаудың қыр-сырын балаларға үйрету мақсатымен үйірме аштым. Талантты да талапты бүлдіршіндердің қолөнерге деген қызығушылығын арттыра отырып, түрлі конкурстарға үзбей қатысып жүрміз, – дейді Тимирязев ауданының намысын қорғай келген, 37 жыл жұмыс тәжірибесі бар ұстаз. Оның шәкірттері жасаған су асты әлемін бейнелейтін коллекция жиынтығы көпшілікті қайран қалдырды. Сол сияқты, Летовочное ауылының тұрғыны Надежда Маслова ұсынған бұйымдар мен өрнектер орыс халқының ұлттық ерекшеліктерін айтқызбай танытады. Оның бастамасымен қазақ, орыс және неміс тілдерінде балалардың өлеңдер жинағы құрастырылыпты.
Аққайың ауданының «Шаңырақ» этномәдени бірлестігі «Бесікке бөлеу» сахналық қойылымын ұсынып, бүгінде ұмытыла бастаған дәстүрімізді әр қырынан паш етті. «Бірлік» ұйымы Мэрцишор мейрамын қаз-қалпында бейнелеуге тырысты. Молдовандардың бұл мерекесі ертеден тойланатын көрінеді. Көктем сағынтып жеткенде бір-бірін құттықтап, сыйлық беру дәстүрі қалыптасқан. Наурызға ұқсас жақтары көп. Тимирязевтіктердің еркек пен әйелдің өзара сыйласымдылығын ашып көрсететін көрінісі өзгелерге үлгі етілді. Басқа да ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сахналанып, тәлім-тәрбиелік мағыналары барынша ашып көрсетілді.
Бас жүлдені Ғ.Мүсірепов ауданының өкілдері жеңіп алды. Сондай-ақ, бағдарламаға енген 14 ұлттық салт-дәстүрлер аталымдары бойынша жүлдегерлер белгілі болды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ

Қазақстан зейнеткерлер үшін ең қолайлы елдер рейтингіне енді
Оқиға • Бүгін, 14:58
Алматыда курьерлік қызметке қойылатын талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 14:50
АҚШ-тағы заң мектебінде еліміздің жаңа Конституциялық реформасы талқыланды
Ата заң • Бүгін, 14:27
«Тұран» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Бүгін, 14:10
«Химфармның» өндірістік әлеуеті артады: Жаңа 38 дәрі-дәрмек шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 13:54
Сирек кадр: Алматы қорығында аландар көзге түсті
Табиғат • Бүгін, 13:40
Астанада үлескерлерді алдаған тұрғын үй кешендеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:32
ХҚКО-ларда кезек азайды: Қандай қызметтерді онлайн алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 13:20
Дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады ма? Министрлік мониторинг деректерін жариялады
Қоғам • Бүгін, 13:12
«Көктем-2026»: Шымкентте су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді
Аймақтар • Бүгін, 13:03
«Kia Qazaqstan» зауытының ұжымы Конституция жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 12:48
«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады
Қоғам • Бүгін, 12:42
Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?
Дін • Бүгін, 12:34
Михаил Шайдоров «Милан-2026» Олимпиада жұлдыздарының шоуына қатыспайтын болды
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22