15 Ақпан, 2011

«Асыл мұраның» мерейлі белесі

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өңірдің тарихын жете зерттеп, ел-жер, тарихи тұл­ға­ла­ры­мыз жай­лы 50-ге жуық кітап шы­ғарған «Асыл мұра» орталығы 10 жылдық белеске көтерілді. Оның құрылуына марқұм Қадыралин Ға­лым ағамыз елеулі еңбек сі­ңірген еді. Ғалекеңнің аманат етіп кеткен игі ісін Қайролла Мұ­қа­нов, Социал Жұмабаев және Та­ңат Сүгірбаев секілді өлке­тану­шылар мен тарихшылар еңбек­қорлықпен жалғастырып келеді. «Асыл мұра» орталығының он жылдығына арналған сал­та­нат­ты жиында облыс әкімінің орын­басары Фархад Қуандықов аймақ басшысы­ның құттықтау тілегін жеткізіп, мерейтой иелеріне құрмет гра­мо­та­лары мен бағалы сыйлықтар табыс етті. С.Мұ­қанов атындағы қазақ саз­ды-драма теа­трының директоры Қу­андық Қа­сы­мов өз тартуларын ұсын­ды. Бас­қа құттықтаушылар да ор­талықтың туған жер шежіресін бір ізге түсіріп, құнды деректермен толық­тырудағы зор еңбегін атап өтті. Кеш соңы ән мен жырға, айтысқа ұласты. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.