15 Ақпан, 2011

Ұйымның мерейтойлық Саммиті өтеді

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Астанада 15 маусымда ШЫҰ құрылғанына 10 жыл толуына орайластырылған Ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық кеңесі отырысына дайындық шаралары мен жүзеге асыру мәселелерін талқыға салған Ұйымдастыру комитетінің жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында ҚР-ның ШЫҰ-дағы 8 ай төрағалығының нәтижелері шығарылды. Қалған 4 ай ішінде Астанада Ұйым Сырт­қы істер министрлерінің кеңесі және ШЫҰ-ның мерейтойлық Саммиті өтеді. Аталған халық­ара­лық шараларды дұрыс дайын­дау мақсатында Ұйымдастыру ко­митетінің аясында жұмыс топ­тары құрылды. Ұйымдастыру комитетінің оты­рысы қорытындысы бойынша барлық қатысы бар мемлекеттік мекемелерге ШЫҰ Саммитінің мазмұнды толықтыру жағынан, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан және шараның ақпараттық таралуына қатысты нақты тапсырмалар жүк­тел­ді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.