17 Тамыз, 2016

Атырауда шатырлар ұшып, көліктер бүлінді

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17.08.2016 ATR Соңғы бір-екі апта бойы Атырауда аңқаны кептіріп, шекені тесердей аптап ыстық  болды. 112 орталығынан ыстықтың +42 градусқа жететіндігі туралы хабарламалар түсті. Алайда, бұрнағы күні түс ауа Атырауда нөсер жаңбыр жауды. Шаңды басар, ыстықты қайтарар дегендерді аз-кем  әбігерге салды. Алдымен, көк жүзінде түйдек-түйдек жөңкілген бұлттан  бармақ басындай бұршақ түсіп, соңынан нөсерге ұласты. Көзді ашып-жұмғандай әп сәтте қала жолдары көл-көсір суға толды. Желдің екпіні  күшейіп, шатырлар құстай құлдилап ұшты. Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, сол күні  15-20 метр/секундқа дейін жеткен желдің екпіні 4000 шаршы метр шатырды ұшырған. Облыс орталығындағы 8 ауланың аумағын жаңбыр суы басты. Тұрақтардағы көліктер  бүлінді. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ Атырау 17.08.2016 ATR-1