19 Тамыз, 2016

Рио-2016: Екатерина Ларионова – Олимпиаданың қола жүлдегері

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-08-16-Larionova-1

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың әйелдер күресінде 63 килоға дейінгі салмақтағы қазақстандық 22 жастағы балуан Екатерина Ларионова 29 жастағы америкалық Ирина Пирожковамен белдесті. Белдесудің бірінші кезеңінде Екатерина қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, таза жеңіске жетті. Осымен Қазақстан қоржынына 17-ші медальдің түсетіні белгілі болып отыр. Ресейдің тумасы болып табылатын, кейін АҚШ-қа қоныс аударған Ирина мұхиттың арғы бетіне барғасын күреспен айналысқан. Ол – әлем чемпионы және қола жүлдегері. Біздің Екатерина Ларионова жұбаныш турниріндегі бірінші белдесуінде швед Хенна Йохансонды таза жеңген болатын. Ларионова бұған өзін 1/8 финалда ұтып кеткен белорус Мария Мамашук финалға шыққаннан кейін қол жеткізген еді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ