16 Ақпан, 2011

Біз Елбасымен біргеміз

1611 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Еліміздің жыл басында кү­тер ең маңызды жаңалығы – Ел­басының халыққа Жолдауы. Себебі, кез келген ел бола­ша­ғының жарқын болуын арман­дайды, атар таңға сеніммен, үлкен үмітпен қарайды. Қазіргі уақытта әлемде түрлі техногендік апаттар, катаклизмалар орын алып жатқанда халықтың жарқын болашақты, бейбіт өмір­ді аңсауы заңды құбылыс. Міне, осындай кезеңде ел бас­қарған басшының аузынан шық­қан әрбір сөзін жіті қадағалап, сараптан өткізіп отыру дағдылы әдетке айналып кеткендей. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қа­лаймыз» деп аталатын биылғы Жолдауы көңілдегі күмәнді сейілткендей, жүрекке берік сенім ұялатқандай әсер етті. Әсіресе, мемлекеттік тілге қатысты «Біз мемлекеттік қызметте, басқару жүйесінде ана тілімізге өтуіміз керек», деген Елбасының сөзін ел тізгінін ұстап отырғандар шын мәнінде орындаса, біздің қоғам армандап жүрген күн елес болмай, шындыққа айналар еді. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар­лама­сының негізгі мақсатының бірі «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың күш-қуаты» деп аталуы тегін емес. Мемлекеттік тілді дамытып, оның коммуникативтік қызметі нығаюда. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіршілік қыз­меті­нің барлық саласына қолда­ну үшін ең алдымен мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру қажет. Ол үшін балабақша-мектеп-орта арнаулы оқу орны-жоғары оқу орны-жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім беру-білім жетілдіру орын­да­рын­дағы мемлекеттік тілдің оқы­тылуын жүйелеп түзіп алу керек, олардың өзара сабақтас­тығын сақтау керек. Яғни, мемлекеттік тілді оқытудың инфра­құрылымын дамыту кезек күт­тір­мейтін мәселе. Сонан кейін мемлекеттік тілді оқыту үрдісін жандандыру, мемлекеттік тілді оқытатын үздік оқытушылар­дың тәжірибелерін тарату, олар­ға арнайы тіл порталдарын ашу, т.б. жұмыстар үздіксіз жүргі­зіліп отырса, жауыр болған тіл мәселесі бір арнаға түсер еді деп ойлаймыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында білім саласына ар­найы тоқталды. «Әлем мем­ле­кеттерінің рейтингісі бойынша 110 елдің арасында 50-ші орын­ға ие болдық. Сөйтіп, еліміз білім беру саласы бойынша 129 елдің арасында қуатты көш­бас­таушы елге айналды», деп ерекше атап өтті. Қазір ғылым мен білім бәсекелестігі жүріп жат­қан кезең. Ғылым мен техни­касы дамыған ел – алдыңғы қатарлы озық ел. Қазір әлемді қазба байлығының көптігімен таңдандыра алмайсың, ғалым­дар­дың ашқан инновациялық жаңалығы сенсация тудыратын заман. Сол себепті, Елбасы жо­ғары оқу орындарын ғылыми-зерттеу институтына айнал­ды­ру, ғылыммен нақты айналысу қажеттігін ескертіп өтті. 2020 жылы екі жоғары оқу орнының әлемдік рейтингіден орын алу­ын тапсырды. Бұл тапсырмалар­дың барлығы да болашағы­мыздың жарқын болуына кепілдік береді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев ден­саулық сақтау саласы бойынша атқарылып жатқан оң өзгеріс­тер­ді де атап кетті. Соңғы жыл­дары салынған 159 медицина орталықтарының халыққа қыз­мет етіп жатқаны, туу көрсет­кішінің 25%-ға артқаны, өлім-жітімнің 11%-ға төмендегені, табиғи өсімнің 11,7%-ға артқа­ны денсаулық сақтау ісінің жан­данғанын көрсетеді. 2015 жылға авиациялық ұшуға арнал­ған түрлі көпқырлы, аэромобильді құрылғылармен жабдықталған 16 тікұшақтың жоспарлануы халықтың денсаулығын сақтау­ға үлкен қолдау болары анық. Осылайша адамның өмір жа­сының ұзақтығын 70-тен 72-ге жеткізу, саламатты өмір сүру салтын жетілдіру медицина саласындағы маңызды мәселе болып отыр. Қорыта келгенде, Ұлт Көш­басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Бо­лашақтың іргесін бірге қалай­мыз» Жолдауын Түрксіб аудан­дық «Қазақ тілі қоғамы» зор ықыласпен қолдайды, қуаттай­ды. Біз Елбасымен, халықпен бо­лашаққа бірге барамыз! Қ.ҚҰРЫМБАЕВА, Түрксіб аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Алматы.