19 Тамыз, 2016

Рио-2016: Гүзел Мәнүрова Олимпиаданың күміс медалін алды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-08-16-maniurova-3

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындарда қазақстандық 38 жастағы палуан Гүзел Мәнүрова әйелдер күресінің 75 килоға дейінгі салмағында күміс жүлдегер атанды. Ол финалда канадалық Эрике Уибемен белдесті. Күресте 27 жастағы қарсыласы 6:0 есебімен басым түсті. Лондон Олимпиадасынан қола медаль алған жерлесіміз өзінің бірінші белдесуінде венгер Жанетт Неметті 12:2 етіп тізе бүктірді. Содан кейін 1/4 финалда Камеруннің 31 жастағы өкілі Аннабель Алиді 8:6 етіп ұтты. Ал жартылай финалда 29 жасар ресейлік Екатерина Букинаны белдесудің екінші кезеңінде таза жеңді. Ол бірінші кезеңде 8:1 етіп ұтты. Екінші кезеңде қарсыласы 5 ұпай алды. Осылайша 8:6-ға жетті. Соңғы секундтарда Мәнүрова бәсекелесінің жауырынын жерге тигізіп, таза ұтып кетті. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ