16 Ақпан, 2011

Ауылдың өркендеуі – Қазақстанның қарыштауы

745 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Еліміздің саяси өміріндегі негізгі күш болып саналатын «Нұр Отан» халықтық-де­мо­кратиялық партиясының ХІІІ құрыл­тайына Сыр елінен 50-ге тарта адам қ­а­тыс­тық. Партия съезінде ауқымды мәсе­лелер кө­терілді. Құрыл­тай басқосуының негізгі өзегі партия­ның болашаққа арналған ауқым­ды бағдар­ла­ма­сын қабылдау болды. Бұл біздің 2020 жылға дейінгі дамуымызды айқындай­тын, бүгінгі күннің және келе­шектің талабы­на жауап беретін құ­жат деп қабылдауымыз қажет. Сондай-ақ пар­тияның жаңа саяси кеңесінің құрамы, реви­зия­лық комиссияның мүшелері сайланып, биылғы жылы өтетін сайлауға Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев­тың кандида­тура­сын ұсындық. Қазақстандық­тар мен шетелдік қонақтардың пікірлері бір арнада тоғыс­ты. Бұл дегеніміз – Елбасы­мыз­дың саяси тұлғасы, қайраткерлік болмысы әлемдік саясатта үлкен бағаға ие болған­дығының айғағы. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың съезде сөйлеген сөзі өзіме үлкен әсер қал­дыр­ды.  Мәселен, соңғы жылдары әлемдік ры­нокта етке деген сұраныс артты. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйы­мының зерттеуінше, жер бетінде мал басы­ның кемуі мен ас­тық тапшылығының сал­дары ет өнімінің өзін­дік құнының көтерілуі­не әкеліп соғуда. Осы­ған орай, Мемлекет бас­шысы осы салаға үлкен міндеттер жүк­те­ді. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнім­ділігі 2014 жылға қарай 2 есе, 2020 жылға қарай 4 есе өсетіндігін баса айтты. Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды болып көрмеген жобалар жүзеге асырылмақ. Мұның құны 4 миллион тонна бидай экспортына тең. Мемлекет  бұл мақсатқа 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөлмек. Жалпы, мал шаруашылығын дамыту – ол ауылды дамыту. Ал ауылдың өркендеуі – Қазақстанның қарыштауы. Бұл – әлеуметтік мәселені шешу, жастарды, арнайы маман­дар­ды ауылға тарту деген сөз. Елбасының, сонымен қатар, шағын және орта бизнеске несие беру тетіктерін жүйелеу, білім беру, денсаулық сақтау салаларын жандандыру, демографияның өсуін қамтамасыз ету туралы айтқан пікірлері өте орынды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – көреген саясаткер. Бұған ешкімнің таласы  жоқ. Президентіміз – тек өз елімізде ғана емес, халықаралық сахнада өз орны айқындалған тұлға. Бұл – қазақ үшін үлкен мәртебе. Сондықтан  Елбасына халық үлкен қолдау көрсетеріне кәміл сенемін. Нәжмәдин МҰСАБАЕВ, Арал ауданының әкімі. Қызылорда облысы.
Соңғы жаңалықтар