Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына биылғы Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту және елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударды. Мұндай бағдарламаларды жүзеге асыру өмірлік мәселе екенін атап өтті. «Сумен, жылумен, электр және газбен қамтамасыз ету жүйелеріне кең ауқымды жаңарту жүргізіп, сондай-ақ, тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құру қажет», – деп қадап айтты. Аймақтық индустрияландыру картасы аясында салынып, бүгін-ертең пайдалануға берілгелі отырған қуаты жылына 20 миллион тонна металл құрылғыларын шығаруға есептелген «Ақтөбеқұрылысхимқұрастыру» ЖШС полиэтилен құбырлары зауытының жалпы жобалық құны 900 миллион теңге құрайды.
Әлемдік озық технологияға есептелген бұл зауытта жоғары және орта қысымды әр түрлі диаметрдегі құбырлар шығарылады. Жоба «Нұрбанктің» заемдық қаржысымен қаржыландырылды. Өндірісте ең озық инновациялық технология – Германияның «KraussMaffeі» компаниясының қуат тиімділігі жоғары экструзиондық желісі пайдаланылады. Құбыр өнімдерін өндіруге Германия мен Кореяның өте сапалы полиэтилені қолданылады. Сондықтан зауытта шығарылған полиэтилен құбырлары 50 жылға шыдас береді.
«Ақтөбеқұрылысхимқұрастыру» ЖШС-нің директоры Серік Ахметалиннің айтуынша, кәсіпорында шығарылатын полиэтилен құбырлары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында су, канализация және газ жүйелерін жаңартуға таптырмайды. Қазір нысан жұмыс істеуге толық дайын, әзірге іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 70 адам еңбек ететін болады. Зауыт толық қуатына көшкенде 150 адам жұмыс істейді. Қажетті жұмысшылар тәжірибелі және кәсіби шеберлігі жоғары жергілікті мамандардан іріктелетін болады. Жаңа зауыттың аумағында бір мезетте 2 мың тонна құбыр сақтайтын өндірістік база, полиэтилен құбырларын өндіретін цех, әкімшілік-тұрмыстық ғимарат, асхана, дербес жылу қазандығы салынған. 2,5 кВт-тық шағын станса құрастырылып, учаскелерге барлық сыртқы коммуникациялар жүргізілген.
Тұғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жаңарту жұмыстарын қарқынды жүргізу қажеттігі туып отырған қазіргі кезеңде зауыт өнімдеріне сұраныс та жоғары болмақ. Жобаны жүзеге асыру Батыс Қазақстанның полиэтилен құбырларына деген қажетін өтеп қана қоймай, таяу жылдарда Ресейдің көршілес аймақтарының рыногына шығаруға да мүмкіндік береді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ.
Ақтөбе облысы.

Әл-Фараби даңғылындағы апат: Айыпталушы көлікте ақау болғанын айтты
Оқиға • Бүгін, 15:59
Эфиопияда автобус шатқалға құлап кетті: 28 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:45
Жамбыл облысында суға батып бара жатқан азамат құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:27
Сот үйқамақ шарттарын бірнеше мәрте бұзғаны үшін ҚазТАГ бас редакторының бұлтартпау шарасын өзгертті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:18
Жамбыл облысында баласынан айырылған әйелге 5 млн теңге өтемақы төленді
Қоғам • Бүгін, 15:11
Банк • Бүгін, 14:54
Астанада екі жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті
Қоғам • Бүгін, 14:50
Иран Ормұз бұғазына байланысты мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 14:37
Астанадағы «AMANAT» партиясының маңдайшасы «Әділет» деп өзгерді
Қоғам • Бүгін, 14:10
Әл-Фарабидегі жол апаты: Полицей адвокатсыз жауап беруден бас тартты
Заң • Бүгін, 13:50
Президент АҚШ Қаржы корпорациясының атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:38
Бүгін – Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл
Тағзым • Бүгін, 13:27
Бозжырада «Доспехи Бога 4» фильмінің түсірілімі басталды
Кино • Бүгін, 13:20
Канадалық компаниялар Қазақстанға неліктен қызығып отыр?
Қазақстан • Бүгін, 13:10
Жасанды интеллектіден ақыл сұрайтындар көбейді: Сіз қандай кеңесіне құлақ түрдіңіз?
Қоғам • Бүгін, 13:00