24 Тамыз, 2016

«Мәңгілік аспан астында»

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
4фильмі Қытай халықаралық кинофестивалінде жеңімпаз атанды Шың­жаңда (Қытай) Халықаралық мәдениет және креа­тивті индустрия көрмесі аясында халықаралық кинофестиваль өтті. Кинофестиваль мен шараға қатысушы мемлекеттердің мәде­ниеті туралы көрмені Қытай Халық Респуб­ликасының мәдениет министрлігі ұйымдастырды. Кинофестиваль бағдарламасында қазылар алқасы назарына 78 фильм ұсынылды. Режиссер Бақыт Қайыр­бековтің «Мәңгілік аспан астында» атты ғылыми-танымдық фильмі «Инно­вациялық жоба» аталымы бойын­ша жоғары марапатқа ие болып, Қытай Халық Республикасы мәде­ниет министрлігінің жүлдесін алды. Еске сала кетсек, «Мәңгілік ас­пан астында» фильмін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мен «Мерген» студиясы түсірген. Бұл жоба Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабы негізінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнайы даярланды. Кинофестивальға қатысушы­лардың ортақ пікірі бойынша қазақ­­стандық фильмдер шетелдік көрермендердің тарапынан сұра­нысқа ие. Осы фильмдер арқылы адамдар Қазақстан халқының бай мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныса алады. Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданының мәдениет департаменті директорының орынбасары Кеңес Сани: «Қазақстандық фильм кино­фестивальдың лайықты жоғары марапатына ие болды. Фильм қазақ халқының мәдениеті мен өмірін жаңа тұрғыдан ашып, көрмеге келу­шілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Біз бұдан былай екі ел арасындағы ынтымақтастықтың же­місті болатынына үміттенеміз». Көрменің жұмыс істеп тұрған уақытында қазақстандық стендті мың­даған адам тамашалады. «Егемен-ақпарат»