24 Тамыз, 2016

Жерлесіміз – «Жаңа толқынның» жүлдегері

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жанель Сәдуақас Қырымда өткен халық­­аралық «Балалар Жаңа толқыны-2016»Астананың 11 жасар тұрғыны Жанель Сәдуақас Қырымда өткен халық­­аралық «Балалар Жаңа толқыны-2016» жас орындау­шы­лар байқауында жүлдегер атанды. Жас өнерпаздың былтырғы «Жаңа толқын» байқауында екінші орын иеленген қазақстандық әнші Динара Қайырованың шәкірті екенін айта кеткен жөн. «Байқау­ға қаты­суымыздың мақсаты – Жанель­ді орындаушы ретінде одан әрі дамыту, жаңа деңгейге шығу, же­тек­ші продюсерлермен жұмыс істеу. Мен Жанельдің өнерін аса жо­ғары бағалаймын, өйткені, «Бала­лар Жаңа толқынына» қаты­су­дың өзі жеңіс, ал жүлделі орынға ие болу – үлкен жетістік. Бұл оның шығармашылық жолында бағын­­дырған тағы бір белесі, енді одан әрі еңбектеніп, вокалдық шебер­лі­гін шыңдауға сеп болады», – дейді ол. «Балалар Жаңа толқынына» әлемнің 11 елінен 8-12 жас аралы­ғындағы 15 бала қатысты. Байқауға Евгений Крылатов, Лев Лещенко, Ирина Дубцова, Сергей Лазарев және Филипп Киркоров қазылық етті. Қазылар алқасының төрағасы – Ресейдің халық әртісі, продюсер, композитор Игорь Крутой. Сонымен, балалар ән бай­қауын­да бірінші орынды Ресей конкурсант­тары – 12 жастағы Алексей Забу­гин және «ЭЙ’ВА» триосы бөлісті. Екінші орын Мальтадан келген 10 жасар Эйла Манжон мен Арме­ния­ның 8 жасар өрені Михаил Григорян­ға бұйыр­ды. Ал жүлделі үшінші орынды еліміздің намысын қорғаған Жанель Садуақас пен 10 жасар ресейлік Мария Мировая иеленді. «Егемен ақпарат»
Соңғы жаңалықтар

Көпшілік тілегі орындалады

Пікір • Бүгін, 09:45

Мұнайшылар шет қалмады

Референдум 2024 • Бүгін, 09:40

Реформалар жүйелі іске асырылып келеді

Референдум 2024 • Бүгін, 09:37

Мерекелік рәуіште өтті

Референдум 2024 • Бүгін, 09:30

Демократия нышаны

Референдум 2024 • Бүгін, 09:27