24 Тамыз, 2016

32 курсант Ресейде білім алады

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
MaskeuБиыл Көкшетау техникалық институтының бірінші курсына 143 курсант қабылданды. Салтанатты ант қабылдау рәсімінде, олардың 32-сіне Ресейдің сәйкес кәсіптегі жоғары оқу орындарында білім алуға жолдама берілді. Атап айтқанда, Ресей ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қыз­метінің Санкт-Петербург уни­верситеті мен Азаматтық қор­ғаныс академиясында – 10, ТЖМ Өртке қарсы қызмет академиясында – 12 және ТЖМ Орал институтының күндізгі бөлімінде 10 қазақстандық курсант білім алатын болады. Курсанттардың ата-аналары, туған-туыстары, командирлері қатысқан салтанатты шарада Көкшетау техникалық инс­титуты бастығының мінде­тін атқарушы, азаматтық қорға­ныс полковнигі Кендебай Райымбеков жолдама иелеріне білім мен кәсіби шеберліктің қастерлі жолында нық қадам басып, биік сенімнен көрінулеріне тілектестік білдірді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы