24 Тамыз, 2016

Мәдениет және спорт министрі шахматшыны құттықтады

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22.08.2016 Dinara Saduaqasova-1 Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Үндістанда шахматтан 20 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен әлем чемпионатын жеңіп алған халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Динара Сәдуақасованы құттықтады. «Барша қазақстандықтардың және өз атымнан әлем чемпионатындағы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жеңісіңізді елімізде зияткерлік ойын түрлерін дамытуға қосқан зор үлесіңіз деп білемін. Алтын медаль – жоғары шеберліктің, ерік-жігердің және нағыз еңбекқорлықтың жемісі. Төрткүл дүниенің мықтылары бас қосқан дүбірлі додада топ жаруыңыз өзге де жастарымызға үлгі болып, еліміздегі шахматтың дамуына жаңа дем береді деп үміттенемін. Жастығыңызға қарамастан, Қазақстанның намысын әлемдік ареналарда абыроймен қорғап жүрген Сізге зор денсаулық, еңбегіңізге табыс, биік мақсат тілеймін!», делінген министрдің құттықтау хатында. Дастан КЕНЖАЛИН