Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі металлургия саласының даму әлеуетін бағалады.
Pm.kz-тің мәліметінше, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Бахтияр Қырықпышев Үкімет басшысына компанияның құрылымдық бөлімшелерінің және түсті металлургияның әлемдік нарықтағы және еліміздегі әлеуеті жөнінде баяндады.
Оның айтуынша, өткен жылы корпорацияның бөлімшелері, соның ішінде Жезқазған мыс қорыту зауыты шамамен 223 мың тонна катодты мыс өндірген, бұл – жоспардағы көрсеткіштен 3 пайызға артық. Сұраныс пен бағаның төмендігіне қарамастан, кәсіпорын тобы мыс өндірісін 2014-2015 жылдардың көлемімен бірдей деңгейде ұстап тұруға ниетті.
2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында корпорация бөлімшелері 111 мың тонна катодты мыс өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға артық.
Айдар ӨРІСБАЕВ
• 24 Тамыз, 2016
Үкімет басшысы Жезқазғанда мыс қорыту өндірісін аралады

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше