24 Тамыз, 2016

Елімізде іш сүзегімен сырқаттану 356 есеге төмендеді

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24 08 -tif Қазақстанда соңғы 25 жыл ішінде іш сүзегімен сырқаттану 356 есеге төмендеді, деп хабарлайды pm.kz  Іш сүзегі – жалпы уланудың қайталануымен сипатталатын сальмонелла бактериясынан болатын инфекциялық ауру. Іш сүзегінің ең қауіпті асқынулары – ішектен қан кету, перфоративті перитонит және өлімге әкелетін инфекциялық-уланудан болатын есеңгіреу болып табылады. Ауруды жұқтырмас үшін жеке гигиена тәртіптерін сақтап, тек тазартылған су ішу керек. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәлімдегендей, іш сүзегімен сырқаттану деңгейін төмендету су сапасының жақсаруы, азаматтардың санитарлық сауаттылығының артуы және декреттелген контингентті иммундау нәтижесінде мүмкін болды. Айдар ӨРІСБАЕВ