Таяуда тарихи Семей қаласы мен Жарма ауданының орталығы Қалбатауда екі күнге созылған айтулы елдік шара өтті. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен аталған аудан әкімдігі бірігіп, «Ұлы Даланың ұлы аналары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.
Ғылыми жиынға Астана мен Алматы қаласынан және еліміздің барлық облыстарынан келген белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысты. Конференция мінберіне Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Хангелді Әбжанов, этнограф, профессор, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтабай, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспембетов, Қазақстанның халық әртісі, «Біржан сал», «Құнанбай» сынды көркем фильмдердің режиссері әрі басты рөлдерді сомдаушы Досқан Жолжақсынов, Мәдениет қайраткері, Зере рөлін сәтті ойнаған Нұрсипат Салықова, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әлімғазы Дәулетхан, Шығыс Қазақстан университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков, тағы да басқа тұлғалар көтеріліп, мазмұнды баяндама жасады, шығармашылық тәжірибелерін ортаға салды.
Университет ректоры Мейір Ескендіров пен аудан әкімі Нұрлан Сыдықов конференция жұмысын жүйелі үйлестірді. Құнды пікірлер жарыссөзге шығушылар тарапынан да айтылды.
Осы күні түстен кейін Семей қаласының жұртшылығы университетте «Құнанбай» көркем фильмінің режиссері Досқан Жолжақсыновпен және Жамбыл облыстық драма театрының әртісі Нұрсипат Салықовамен кездесіп, туындының жасалу ерекшеліктерімен танысты. Тартымды сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Кешкісін «Еңлік – Кебек» кинотеатрында «Құнанбай» фильмі көрсетілді.
Келесі күні Жарма ауданының орталығы – Қалбатауда Зере әже ескерткішін ашу салтанаты өтті. Мүсін үстіндегі ақ жамылғы сыпырылғанда, жұртшылық жақсылыққа құштар немересін алдына алып отырған абыз әже бейнесін көріп, қуанып қалды. Әже – Зере Бектемірқызы, бала – жасынан ұғымтал балақай Абай сұлбасы екеніне қанықты.
Ескерткіш авторлары – әкелі-балалы Ертіс және Еркебұлан Тәти. Екеуі де – ұстаз. Абай ауданының азаматы. Семей өңірі бұларды ізденгіш, шығармашыл педагогтар ретінде жақсы таниды. Әсіресе, әке Тәти темірден түйін түйеді.
Зере әже ескерткіші – ұлт анасының, ел әжесінің жиынтық бейнесі. Рәмізді ескерткіш. Зере – рухани төлқұжатымызға айналған Абайдың әжесі ретінде де ұлт даналығының бастауы. «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы Зере бейнесін – ұлт берекесі мен дәстүрі кейпінде сомдап шыққан дара жазушы Мұхтар Әуезов тағылымы енді қоладан құйылған туынды түрінде жалғасын тапты.
Жамбыл ТІЛЕП

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48