2015 жылғы 30 наурыз, Астана қаласы
Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу үдерісін сипаттаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 11) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі №33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 14-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу үдерісін сипаттаудың үлгілік әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә.СМАЙЫЛОВ
«КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ауыл шаруашылығы министрi сақтау және әлеуметтік даму министрi
А.МАМЫТБЕКОВ ______________ Т.ДҮЙСЕНОВА ______________
2015 жылғы 18 наурыз 2015 жылғы 20 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi Мәдениет және спорт министрi
Б.СҰЛТАНОВ ______________ А.МҰХАМЕДИҰЛЫ ______________
2015 жылғы 27 ақпан 2015 жылғы 30 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Қ.КЕЛІМБЕТОВ ______________
2015 жылғы 16 наурыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 30 наурыз №53бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу үдерісін
сипаттаудың үлгілік әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу үдерісін сипаттаудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 11) тармақшасына, сондай-ақ 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті туралы ереженің 14-тармағы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Үлгілік әдістеме статистикалық ақпаратты түзу үдерісін сипаттайды және ағымдағы жылға бекітілген Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – мемлекеттік статистика органдары) қолданылады.
3. Осы Үлгілік әдістеме мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу үдерісін сипаттау үшін қолданылады және статистикалық үдерістің стандартты негіздерін, жалпы терминологиясын регламенттейді.
4. Осы Үлгілік әдістемеде «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңында айқындалған мәндердегі ұғымдар және келесі ұғымдар қолданылады:
1) жіктелім – көптеген объектілерді қабылданған белгілеріне сәйкес ұқсастығы немесе айырмашылығы бойынша топтарға бөлу;
2) импутация – түсіп қалған, дұрыс емес немесе дәрменсіз мәндерді басқа мәндермен алмастыру үдерісі;
3) индекс салмағы – бұл әрбір дара элементтің олардың жалпы жиынтығындағы маңыздылығын көрсететін мөлшер;
4) метадеректер – деректерді және объектілерді жүйеленген түрде сипаттайтын басқа да құжаттаманы қамтитын статистикалық деректер туралы деректер;
5) өлшеу – жиынтық көрсеткіштер алу үшін индекстік есептеулерде қолданылатын және тікелей жинақтауға берілмейтін әртүрлі тауарлардың өлшемдестігін қамтамасыз ететін рәсім;
6) ресми статистикалық ақпарат - Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық ақпарат;
7) статистикалық ақпарат - алғашқы статистикалық деректерді және (немесе) әкімшілік деректерді өңдеу үдерісінде алынып, біріктірілген деректер;
8) статистикалық көрсеткіш – бұл орынның және уақыттың нақты жағдайларында құбылыстың немесе үдерістің мәнін көрсететін, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сапалық сипаттамасы;
9) іріктеме – статистикалық деректерді жинау және өңдеу кезінде қолданылатын, бекітілген жіктеуіштер, номенклатуралар және анықтамалықтардан алынған жеке айқындамалар,
сондай-ақ келесі терминдер мен анықтамалар ҚР СТ ИСО 9000-2007 «Негізгі ережелер. Сөздік» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартында анықталған мәндерде:
10) ақпарат – мәнді деректер;
11) валидация – объективті куәліктерді ұсыну арқылы нақты пайдалану немесе қолдануға арналған талаптардың орындалғанын растау;
12) жүйе – өзара байланысты және өзара іс-қимыл жасайтын элементтер жиынтығы;
13) нәтижелілік – қол жеткізілген нәтиже мен пайдаланылған ресурстар арасындағы байланыс;
15) өндірістік орта – жұмыс орындалатын жердегі жағдайлар жиынтығы;
16) өнім – үдеріс нәтижесі;
14) рәсім – қызметті немесе үдерісті жүзеге асырудың белгіленген тәсілі;
17) сапа – өзіндік сипаттамалар жиынтығының талаптарға сәйкестік дәрежесі;
18) сапаны басқару – сапаға қойылатын талаптарды орындауға бағытталған сапа менеджентінің бөлігі;
19) сапаны қамтамасыз ету – сапаға қойылатын талаптардың орындалатынына сенімділік ұялатуға бағытталған сапа менеджентінің бөлігі;
20) үдеріс – кірісті шығысқа айналдыратын, өзара байланысты және өзара іс-қимыл жасайтын қызмет түрлерінің жиынтығы;
21) талдау – белгіленген мақсаттарға жету үшін қарастырылып отырған объектінің жарамдылығын, барабарлығын, тиімділігін белгілеу үшін қолданылатын қызмет;
22) тиімділік – жоспарланған қызметті іске асыру және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу дәрежесі.
2. Ресми статистикалық ақпаратты түзудің үдерістері мен қосалқы үдерістерін сипаттау
5. Ресми статистикалық ақпаратты түзу осы Үлгілік әдістемеге Қосымшаға сәйкес оларға кіретін қосалқы үдерістерді ескерумен келесі үдерістерден (кезеңдерден) сәйкес тұрады:
1) қажеттіліктерді зерделеу; 5) деректерді өңдеу;
2) түзу үдерісін жобалау; 6) деректерді талдау;
3) түзу үдерісін құру; 7) ресми статистикалық ақпаратты тарату;
4) алғашқы статистикалық деректерді жинау; 8) өндірістік циклді бағалау.
Осы Үлгілік әдістемеде мемлекеттік статистика органдары жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды қалыптастыру кезінде олар өз қызметінде қолданатын үдерістер мен қосалқы үдерістерді ғана ұстанады.
6. Қажеттіліктерді зерделеу статистикалық ақпаратты қайта қарауды, қосымша статистикалық ақпаратқа қажеттілікті, статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың қажеттіліктерін нақты айқындаумен байланысты жұмыстардың барлық түрлерін қамтиды және алты қосалқы үдерістен тұрады:
пайдаланушылардың қажеттіліктерін анықтау талап етілетін статистикалық ақпаратты зерделеу мен анықтауды көздейді. Осы қажеттілік ұқсас деректерді, атап айтқанда пайдаланушылардың ерекше қажеттіліктерін есепке алу әдістерін түзумен айналысатын ұлттық және халықаралық ұйымдардың тәжірибесін зерделеудің негізінде айқындалады;
статистикалық ақпаратты ұсыну мерзімдерін, оны әрі қарай қолдану мақсаттарын қоса алғанда пайдаланушылардың статистикалық ақпаратқа қажеттілігін толыққанды түсіну үшін мемлекеттік органдар (бұдан әрі – әзірлеуші мемлекеттік орган) пайдаланушылардың бұдан бұрын айқындалған қажеттіліктерін есепке алумен мүдделі тараптармен консультациялар өткізуі қажет;
3) әзірлеуші мемлекеттік орган өткізген консультациялардың қорытындылары бойынша талап етілген ақпаратты қамтитын статистикалық көрсеткіштер әзірленеді. Осы статистикалық көрсеткіштер пайдаланушылар тарапынан олардың қажеттілігі мен сапалық сипаттамаларына сәйкестігіне нақтылауға жатады. Статистикалық көрсеткішті қалыптастыру мақсаттарын анықтау кезінде деректердің құпиялылығы аспектісін және ресурстардың бар болуын ескеру қажет;
4) ұсынылатын үдерістің шеңберінде қажеттіліктердің қанағаттануына сәйкес келетін талап етілетін деректердің тізбесін анықтау;
5) қолданылатын деректер көздерінің пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеу, деректерді пайдалануға кез келген шектеуді, сондай-ақ көрсеткіштердің қайталануы мәніне тексеруді қоса алғанда деректер алынатын жағдайларды анықтау үшін әзірлеуші мемлекеттік орган деректердің бар болуына тексеру жүргізеді. Ол шеңберінде алғашқы статистикалық деректерді жинау және пайдалану жүзеге асырылатын құқықтық негізді бағалауды көздейді, нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды қарастыруға немесе жаңа заңнамалық негіздерді бекітуге деген қажеттілік туындауы мүмкін;
6) бизнес-модельді дайындау бойынша қосалқы үдеріс статистикалық ақпаратты жаңа немесе жаңғыртылған түрде түзуді жүзеге асыруға мақұлдау алу үшін басқа осы кезеңдегі қосалқы үдерістердің бизнес-модель түріндегі тұжырымдарын құжаттайды. Осы статистикалық ақпарат әзірлеуші мемлекеттік органның талаптарына жауап беруі және келесі элементтерді қамтуы қажет:
кемшіліктерді, сондай-ақ, шешуді талап ететін мәселелерді көрсете отырып статистикалық ақпаратты ағымдағы түзуді жүзеге асыру туралы ақпаратпен қолданыстағы бизнес-үдерістердің сипаттамасы;
жаңа немесе қайта қарастырылған статистикалық деректерді түзу үшін бизнес-үдерістерді әзірлеу туралы егжей-тегжейлі көрсетумен ұсынылатын перспективалық шешімдер;
шығындар мен кірістер, сондай-ақ кез келген өзге де тежейтін факторларды бағалау.
7. Түзу үдерісін жобалау статистикалық деректерді, статистикалық әдіснамаларды, жинау тетіктерін анықтау үшін әзірлеу мен жобалау бойынша жұмыстарды сипаттауды, сондай-ақ жұмыс үдерістерін қамтиды. Бұл кезеңде кейін статистикалық өндірісте қолдану үшін дайын барлық тиісті метадеректер, сондай-ақ сапаны қамтамасыз ету рәсімдері нақтыланады:
1) тарату кезеңінде қажетті құралдарды әзірлеу мен дайындауды қоса алғанда әзірлеуші мемлекеттік органның шығаруға жоспарланған статистикалық ақпаратты жобалауын көздейді. Статистикалық жарияланымды жобалау кезінде енгізілетін ресурстар алдыңғы статистикалық ақпаратты жинау нәтижесінде алынған метадеректерді қамтиды;
2) жиналатын және шығарылатын ауыспалылар мен олардың жіктелімдері үшін метадеректердің сипаттамасын дайындауға қажеттілікті анықтайды;
3) алғашқы статистикалық деректерді жинау үшін анағұрлым қолайлы әдістер мен тетіктерді анықтайды. Нақты алғанда бұл қосалқы үдеріс шеңберіндегі жұмыстар жинау тетігінің типіне байланысты түрленеді. Қосалқы үдеріс жинау тетіктерін жобалауды, типтік сұрақтар мен жауаптарды, сондай-ақ өзара түсіністік туралы меморандум сияқты деректерді ұсынумен байланысты кез келген ресми келісімдерді жобалауды, алғашқы статистикалық деректерді жинауды растауды қамтиды;
4) бас жиынтық пен іріктемені жобалау іріктеме негізінде деректерді жинаумен байланысты үдерістерге ғана қолданылады, мысалы, статистикалық байқаулар арқылы. Қосалқы үдеріс іріктемені қалыптастыру жоспарын құру және бұл ретте қолданылатын тіркелім кезінде қолданылады, сондай-ақ іріктеменің едәуір қолайлы критерийлері мен әдістерін белгілейді. Іріктемені қалыптастыру көздері әкімшілік және статистикалық тіркелімдер, санақтар және өзге де іріктемелі зерттеулер барысында алынған ақпарат болып табылады. Қажеттілік туындаған жағдайда әзірлеуші мемлекетік орган көздерді біріктіреді;
5) өңдеу және талдауды жобалау «Алғашқы статистикалық деректерді өңдеу» және «Деректерді талдау» кезеңдерінде іске асыру үшін статистикалық ақпаратты өңдеу үдерісінің әдіснамасын ұсынады. Бұнда кодтау, редакциялау, есептеу, бағалау, интеграциялау, растау және деректердің жиынтығында түпкілікті ресімдеу әдістерін нақтылау кіреді;
6) статистикалық ақпаратты түзудің барлық циклінің шеңберінде талап етілетін, үдерістердің жалпы шолуын қамтамасыз ете отырып, алғашқы статистикалық деректерді жинаудан бастап және ресми статистикалық ақпаратты таратумен аяқтап, өндірістік үдерісті айқындайды, сондай-ақ қандай да бір олқылықтарсыз немесе артып кетусіз өзара іс-қимылдың тиімділігін қамтамасыз етеді. Қосалқы үдеріс қызметкерлердің жүйелермен өзара іс-қимылын талдауды қадағалайды, сондай-ақ олардың жауапкершілігін айқындайды.
8. Өндіріс үдерісін құрастыру өндірістік ортада қолданылуына қамтамасыз ету мақсатында өндірістік шешімдерді қалыптастыру мен тестілеуді қамтиды. «Өндіріс үдерісін жобалау» кезеңінің нәтижелері «Өндіріс үдерісін құрастыру» кезеңінде оны жүзеге асыру үшін толығымен жұмыс ортасын құру үшін құрамдастырылатын және жиынтықталатын, көп мәрте қолданылатын үдерістерді, тетіктерді, ақпараттар мен қызмет көрсетулерді таңдауды анықтайды. Кезең жеті қосалқы үдеріске бөлінген:
1) деректерді жинау тетігін құру «Алғашқы статистикалық деректерді жинау» кезеңінде қолданылатын деректерді жинау тетігін құру бойынша жұмыстарды сипаттайды. Жинау жеке немесе телефон арқылы пікіртерімдер, қағаз жүзіндегі, электронды немесе онлайн сұрақнамалар сияқты деректер алудың бір немесе бірнеше әдісін қолданумен жүзеге асырылады. Жинау тетігі «Өндіріс үдерісін жобалау» кезеңінде әзірленген жоспарларға сәйкес құралады. Бұл қосалқы үдеріс, сондай-ақ мазмұнды дайындау және тестілеуді, тиісті құралдардың жұмыс істеуін, мысалы, статистикалық нысандағы сұрақтарды тексеруді қамтиды;
2) үдеріс компоненттерін құру немесе нығайту ақпараттық панельдің рәсімдерін және функцияларын, ақпараттық қызметтерді, қайта құруды, жұмыс жүйелерін, респонденттермен және метадеректермен жұмыс бойынша қызметтерді қамтиды;
3) «Статистикалық жарияланымды жобалау» қосалқы үдерісінде анықталған ресми статистикалық ақпаратты тарату үшін қажет жаңа компоненттерді құру және қолданыстағыларды нығайту бойынша жұмысты сипаттайды. Мұнда дәстүрлі қағаз жарияланымдарды түзу үшін қолданылатындардан бастап, веб-қызметтерді, ашық деректерді түзуді қамтамасыз ететіндермен аяқтап, ресми статистикалық ақпаратты тарату бойынша барлық компоненттер және қызметтер кіреді;
4) өндірістік үдерістерді тұтастыру алғашқы статистикалық деректерді жинаудан бастап және ресми статистикалық ақпаратты таратумен аяқталатын, статистикалық өндіріс шеңберінде қолданылатын өндірістік үдерістерді, жүйелерді және жаңартулардың тұтастырылуын қамтамасыз етеді. Қосалқы үдеріс «Өндірістік жүйелерді және үдерісті жобалау» қосалқы үдерісінде құрылған тәжірибелік өндірістік үдерістің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
5) өндіріс жүйесін тестілеу тұтастырылған және жиынтықталған қызмет көрсетуді және олармен байланысты өндірістік үдерістерді тестілеуді білдіреді, олардың өзара іс-қимылын тексеруді көздейді, сонымен қатар өндірістік шешімнің үдерістердің жолға қойылған кешені сияқты жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді;
6) статистикалық бизнес-үдерісті тестілеу статистикалық бизнес-үдеріске далалық сынама жүргізу, пилоттық пайдалану бойынша жұмыстарды сипаттайды. Қосалқы үдеріс тетіктерге, жүйелерге немесе компоненттерге түзетулер енгізу мүмкіндігін қалдырады;
7) өндіріс жүйесін іске қосу салалық бөлімшелердің қолдануы үшін жаңғыртылған және жаңадан құрылған қызметтерді қоса алғанда, тұтастырылған және жиынтықталған үдерістер мен қызмет көрсетуді енгізу бойынша жұмысты қамтиды.
9. Алғашқы статистикалық деректерді жинау әртүрлі әдістерді қолданумен барлық қажетті ақпаратты жинауды, сонымен қатар бұдан әрі өңдеу үшін оны тиісті ортаға жүктеуді қамтиды. Жинау үдерісі төрт қосалқы үдеріске бөлінген:
1) бас жиынтық пен іріктемені қалыптастыру осы үдеріс үшін бір статистикалық үдеріс арасындағы және жалпы негізді немесе жалпы тіркелімді қолданатын әртүрлі үдерістер арасындағы іріктемелерді үйлестіруді көздейді. Сонымен қатар осы қосалқы үдеріс шеңберінде сапаны қамтамасыз ету және бос жиынтық пен іріктемені бекіту бойынша жұмыс жүзеге асырылады;
2) алғашқы статистикалық деректерді жинауды ұйымдастыру барлық жоспарланған режимдерде ақпаратты жинауға қызметкерлердің, үдерістердің және технологияның дайындаған қамтамасыз етеді және мыналарды:
жинауға дайындықты;
жинауды жүргізетін қызметкерлерді (интервьюерлерді) оқытуды;
жинауды жүргізу үшін құралдардың бар болуын қамтамасыз етуді;
деректерді сұрату және алу үшін жинау жүйелерін жиынтықтауды;
жинауға жататын деректердің қорғалуын қамтамасыз етуді;
жинау құралдарын дайындауды (сұрақнамаларды басып шығаруды, есепшілердің компьютерлеріне сұрақнамалар мен деректерді жүктеуді) қамтиды.
Зерттеумен байланысты емес деректер көздері үшін қосалқы үдеріс дерекөзден қажет ақпаратты алу үшін үдерістердің, жүйелердің және құпиялылық рәсімдерінің бар болуын қамтамасыз етуді қамтиды;
алғашқы статистикалық деректерді жинауды өткізу ақпаратты жинау үшін әртүрлі құралдарды қолданумен жүзеге асырылады:
ақпарат көзінен алынатын өңделмеген деректерді немесе агрегатталған деректерді;
респонденттермен алғашқы байланысты және бұдан арғы қызметпен байланысты бұдан кейінгі кез келген шараларды қамтиды.
Дереккөзге және жинаудың тәсіліне қарай байланыс орнында ақпаратты қолмен енгізу немесе орындарда жұмысты бақылау мүмкін;
4) алғашқы статистикалық деректерді жинауды аяқтау жиналған алғашқы статистикалық деректерді бұдан әрі өңдеу үшін тиісті электрондық ортаға жүктеуді көздейді. Ол деректерді қолмен немесе автоматты түрде жүктеуді қамтиды.
10. Алғашқы статистикалық деректерді:
өңдеу деректерді тазарту және оларды талдауға дайындау үдерісінің сипаттамасын қамтиды;
енгізілетін деректерді ресми статистикалық ақпарат ретінде талдау және тарату мақсатында, оларды тексеруге, тазартуға және қайта құруға арналған қосалқы үдерістерден тұрады:
1) деректерді интеграциялау «Алғашқы статистикалық деректерді жинау» үдерісінің нәтижелерін біріктіруге негізделген. Енгізілетін деректер әртүрлі сыртқы және ішкі көздерден түседі және жинаудың әртүрлі әдістерінің нәтижесі болып табылады. Нәтиже өзара байланысты деректердің жиынтығын білдіреді. Интеграциялаудан кейін, қорғау талаптарына байланысты деректер дербессіздендіріледі, яғни құпиялылықты қорғау мақсатында аты және мекенжайы сияқты сәйкестендіргіштерден айырылады;
2) жіктеу және кодтау автоматты түрде (немесе қолмен) жүзеге асырылады, жіктеудің алдын ала айқындалған жүйесіне сәйкес мәтіндік жауаппен цифрлық кодтарды беру арқылы орындалады;
3) тексеру және валидация үдерісі шұғыл ауытқитын мән, сұраққа жауаптардың жоқ болуы және қате кодтау сияқты болуы мүмкін мәселелердің, қателер мен айырмашылықтардың мүмкін айқындалуы мәніне деректерге тексеру жүргізуге мүмкіндік береді;
4) редакциялау және импутация егер деректер нақты емес, жоқ немесе сенімді емес деп танылса әртүрлі әдістерді қолданумен жаңа мәндерді қосуды білдіреді. Нақты қадамдар:
деректерді қосуды және өзгертуді айқындау;
редакциялаудың қолданылатын әдісін таңдау;
деректер мәнін қосу және өзгерту;
деректер жинағына деректердің жаңа мәндерін енгізу және өзгертілгендер ретінде оларды белгілеу;
редакциялау және импутация үдерісі бойынша метадеректерді түзу;
5) жаңа туынды ауыспалы және статистикалық бірліктерді қалыптастыру шеңберінде жинау кезеңінде айқын бөлінбеген, алайда іздейтін деректерді түзу үшін қажет болып табылатын ауыспалылар және статистикалық бірліктер бойынша деректерді есептеу жүргізіледі. Осы қосалқы үдеріс деректер жиынтығында бар бір немесе бірнеше ауыспалыларға қатысты арифметикалық формулаларды қолдана отырып, немесе әртүрлі модельдік гипотездерді қолдана отырып жаңа туынды ауыспалыларды қалыптастырады;
6) индекстің салмағын есептеу «Өңдеуді және талдауды жобалау» қосалқы үдерісінің шеңберінде құрылған статистикалық әдіснамаға сәйкес деректердің жеке массивтері үшін салмақ коэффициенттерін құрады;
7) агрегаттарды есептеу жалпы белгілі бір сипаттамаларға ие, есеп жазбаларынан деректерді жиынтықтауды, сондай-ақ орташа көрсеткіштерді және дисперсияның, салмақтаудың орташа көрсеткіштерін анықтауды көздейді;
8) деректерді қалыптастырудың аяқталуы «Деректерді талдау» кезеңінде енгізілетін ресурс ретінде қолданылатын деректер массивінің біріне осы кезеңнің басқа қосалқы үдерістерінің нәтижелерін жиынтықтауға негізделген.
11. Деректерді талдау статистикалық ақпаратты түзуді, егжей-тегжейлі тексеруді және ресми статистикалық ақпаратты таратуға дайындықты қамтиды:
1) алдын-ала статистикалық ақпаратты дайындауды деректерді статистикалық ақпаратқа өзгерту арқылы жүргізеді. Қосалқы үдеріс индекстер, трендтер немесе серпінділік қатарлардың маусымдық ауытқуларын ескере отырып түзетілген қосымша көрсеткіштерді құруды, сондай-ақ сапалық сипаттамаларды тіркеуді көздейді;
2) валидация өзіне ақпаратты жинау мен қалыптастырудың күтілетін нәтижелерге бұдан бұрын қойылған сәйкестігін анықтауға бағытталған жұмыстарды қамтиды;
3) статистикалық ақпаратты түсіндіру және түсіндірмесі ресми статистиканы дұрыс түсіну үшін негіз құрады;
4) сәйкестендіруге қарсы іс-қимыл шараларын қолдану статистикалық ақпаратты тарату кезінде құпиялылық қағидасын сақтауды қамтамасыз етеді. Сәйкестендіруге қарсы іс-қимылдың дәрежесі және әдісі статистикалық көрсеткіштердің әртүрлі типтеріне байланысты ауытқиды;
5) статистикалық ақпаратты қалыптастыруды аяқтау қойылған мақсатқа, сапаның талап етілген деңгейіне және қолдануға дайын болуына оның сәйкестігін тексеруді қамтамасыз етеді.
12. Ресми статистикалық ақпаратты тарату ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға таратуды жүзеге асыруды қамтиды. Статистикалық ақпаратқа пайдаланушылардың кең тобының еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы оған пайдаланушылардың едәуір толық қанағаттануы негізге алатын қағидат болып табылады:
1) статистикалық ақпаратты түзу жүйелерін жаңарту метадеректердің бар болуы және таратуға дайын болуы мәніне түпкілікті тексеруді көздейді. Тарату мақсаттары үшін дайын деректер мен метадеректер сақталатын жүйелерді жаңартуды жүзеге асырады:
ұйғарынды статистикалық ақпарат базасына енгізуге дайын деректер мен метадеректерді форматтау;
агрегатталған көрсеткіштер базасына деректер мен метадеректерді жүктеу;
деректердің сәйкес метадеректермен өзара байланысын қамтамасыз ету.
2) алдын-ала жобаланған нысандарда ресми статистикалық ақпарат түзу (жарияланымдар, кестелер, интерактивті кестелер және тағы басқалар);
3) ресми статистикалық ақпаратты таратуды басқару жариялау мерзімдерін сақтауды қоса алғанда, ресми статистикалық ақпаратты тарату үшін барлық компоненттердің бар болуын қамтамасыз етеді. Ол баспасөз сияқты пайдаланушылардың нақты топтары үшін брифингтер өткізуді, сондай-ақ статистикалық ақпаратты жариялағанға дейін оны жария етуге кез келген тыйымдар енгізуді көздейді. Бұдан басқа ол статистикалық жарияланымдарды жазылушыларға жеткізуді қамтиды. Жарияланған статистикалық ақпаратты алып тастау жағдайлары осы қосалқы үдерістің бөлігі болып табылады;
4) ресми статистикалық ақпаратты көпшілік жұртшылық арасында таратуға жәрдемдесу мақсатында оны танымал ету. Әлеуетті пайдаланушылармен едәуір мақсатқа бағытталған жұмысты қамтамасыз ету үшін пайдаланушылармен байланыстарды басқару құралдарын қолдануды, сондай-ақ пайдаланушыларға статистикалық ақпаратты хабарлау үдерісін жеңілдету үшін веб-сайттар, әлеуметтік желілер, электронды таратулар сияқты тетіктерді және өзгелерді қолдануды қамтиды;
5) пайдаланушыларды қолдауды басқару пайдаланушылардың сұраулары мен өтінімдерін тіркеуді, сонымен қатар оларға белгіленген мерзімдерде жауаптарды ұсынуды қамтамасыз етеді. Осындай сұраулар мен өтінімдер сапаны байқаудың тізбекті үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде талдануы керек, өйткені олар пайдаланушылардың жаңа немесе өзгеретін қажеттіліктерін көрсетуі мүмкін.
13. Өндірістік циклді бағалау әзірлеуші мемлекеттік органның статистикалық өндірістің нақты компоненттерін бағалауын қамтиды. Логикалық тұрғыдан ол статистикалық үдерістің соңында жүргізіледі, алайда әртүрлі кезеңдерде жиналған ақпаратқа сүйенеді және әлеуетті жетілдірулердің басымдылығын табу және анықтау мақсатында сандық және сапалық сипаттағы әртүрлі ақпаратқа назар аударумен статистикалық бизнес-үдерістің нақты оқиғасының табыстылығын бағалауды көздейді. Осы үдеріс үш қосалқы үдерістен тұрады:
1) бағалау үшін ақпаратты жинау пайдаланушылардың пікірлерін және ұсыныстарын, үдеріс туралы метадеректерді, жүйелердің метрикалық деректерін, сондай-ақ қызметкерлердің ұсыныстарын қоса алғанда, әртүрлі нысандарды жүргізіледі;
2) талдау және ақпаратты жалпылау арқылы бағалау жүргізіледі. Нәтиже шығаратын есеп сапаның кез келген мәселелерін белгілейді, сондай-ақ кез-келген үдеріске немесе қосалқы үдеріске қатысты болуы мүмкін өзгерістер туралы ұсынымдарды қамтиды;
3) әзірлеуші мемлекеттік орган бағалау туралы есепке негізделген іс-қимылдар жоспарын әзірлеу және бекіту үшін барлық қажетті директивті өкілеттіктерді жиынтықтайды.
Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу үдерісін сипаттаудың үлгілік әдістемесіне қосымша
Ресми статистикалық ақпаратты түзу үдерісінің сипаттамасы
Ресми статистикалық ақпаратты түзудің үдерістері мен қосалқы үдерістері
1. Қажеттіліктерді зерделеу
1) пайдаланушылардың қажеттіліктерін анықтау
2) онсультациялар өткізу және қажеттіліктерді растау
3) статистикалық көрсеткішті қалыптастыру мақсаттарын белгілеу
4) талап етілетін деректердің тізбесін анықтау
5) деректердің бар болуын тексеру
6) бизнес-модельді дайындау
2. Түзу үдерісін жобалау
1) статистикалық жарияланымды жобалау
2) ауыспалылар сипаттамасын жобалау
3) деректерді жинауды жобалау
4) бас жиынтық пен іріктемені жобалау
5) өңдеу және талдауды жобалау
6) өндірістік жүйелерді және үдерісті жобалау
3. Түзу үдерісін құру
1) деректерді жинау тетігін құру
2) үдеріс компоненттерін құру немесе нығайту
3) тарату компоненттерін құру немесе нығайту
4) өндірістік үдерістерді тұтастыру
5) өндіріс жүйелерін тестілеу
6) статистикалық бизнес-үдерісті тестілеу
7) өндіріс жүйелерін іске қосу
4) Алғашқы статистикалық деректерді жинау
1) бас жиынтық пен іріктемені қалыптастыру
2) алғашқы статистикалық деректерді жинауды ұйымдастыру
3) алғашқы статистикалық деректерді жинауды өткізу
4) алғашқы статистикалық деректерді жинауды аяқтау
5. Деректерді өңдеу
1) деректерді интеграциялау
2) жіктеу және кодтау
3) тексеру және валидация
4) редакциялау және импутация
5) жаңа және туынды ауыспалы және статистикалық бірліктерді қалыптастыру
6) индекстің салмағын есептеу
7) агрегаттарды есептеу
8) деректерді қалыптастырудың аяқталуы
кестенің жалғасы
6. Деректерді талдау
1) алдын-ала статистикалық ақпаратты дайындау
2) валидация
3) статистикалық ақпаратты түсіндіру және түсіндірмесі
4) сәйкестендіруге қарсы іс-қимыл шараларын қолдану
5) статистикалық ақпаратты қалыптастыруды аяқтау
7. Ресми статистикалық ақпаратты тарату
1) статистикалық ақпаратты түзу жүйелерін жаңарту
2) ресми статистикалық ақпаратты түзу
3) ресми статистикалық ақпаратты таратуды басқару
4) ресми статистикалық ақпаратты танымал ету
5) пайдаланушыларды қолдауды басқару
8. Өндірістік циклді бағалау
1) бағалау үшін ақпаратты жинау
2) бағалауды өткізу
3) іс-қимылдар жоспарын келісу
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10893 болып енгізілді.