26 Тамыз, 2016

Қаңтарылған құрылыс, аңтарылған жұмысшылар

342 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
D9xzzTu4g4Saz6yHukov0D23kv90tGБіз «Астана-Павлодар» тас жолы құрылысына қа­ты­сушы 300 жұмысшы қол қойған шағым хат бойынша жұ­мысы тоқтап тұрған жол бойындағы учаске өкілдерімен кездестік. Құрылысшылар шағымына орай біз сөз еткелі отырған бұл мә­селеде «Нұрлы Жол» мем­лекеттік бағдарламасы шеңбер­ін­­де жүзеге асырылатын «Ор­та­­лық-Шығыс» дәлізі жобасын жүр­гізетін компаниялар ара­сын­дағы дау-жанжал сотқа дейін жет­кен. Бұл жоба Астанадан Екі­­бастұзға, Екібастұздан Пав­ло­дарға дейінгі аралықта жүргі­зіліп жатқан жол құрылысын одан әрі Шығыс Қазақстанға жет­кізуі керек. Алдымен 2014 жылы «Орталық-Шығыс» дәлізі ая­сында Ақмола облысының шекарасынан Павлодардың Ле­нин кентіне дейінгі аралықтағы жол­ды жөндеу жұмыстары бастал­ды. Біздің облыс бойынша 6 бөліктен тұратын жолдың жалпы ұзындығы 215 шақырымды құрайды. Болашақта, 2017 жылдары «Астана-Павлодар» бағытындағы автомобиль жолын пайдаланушылар 1-санат­ты, 4 жолақты автомобиль жо­лы­мен қауіпсіз және жайлы жетуіне жағдай жасау үшін «Қаз­ав­тожол» ұлттық компания­сы» АҚ-тың облыстық филиалы барлық күш-қуатын салады де­лінді. Бұл аралықты қамтыған жобаны жүзеге асыру мерзімі 2017 жылдың соңына белгіленген. Жол төрт жолақтан тұрады. Жаңа технологиялар үрдісімен жолға бетон және асфальт-бетон жабыны төселуде. «Қазавтожол» АҚ-тың жергілікті филиалының хабарына қарағанда, облыс аумағындағы жол құрылысына «Юнисерв», «Ақ жол», «Автодорсервис» жә­не «ДенаРахсазКонстракшн» ком­па­ниялары келіп, жұмыс баста­ған көрінеді. 2015 жылы жол құры­лы­сымен айналысып жатқан 7 негізгі мердігер ұйым біздің облыс­та фи­лиалдарын ашыпты. Олар: «Қаз­ақ­дорстройдың» Солтүстік-Шы­ғыс филиалы, «МО-11», «Авто­дор­сервис», «Uniserv», «Ақ жол», «Дена­РахсазКонстракшн», «АБК Ав­тодор НС» компаниялары. Бұл – бір. Екіншіден, Ертіс өзені арқылы өтетін облыс орта­лығы мен Ақсу қаласын қосатын жаңа көпір құрылысы «Орталық-Шығыс» дәлізі шеңберінде 2013 жылы басталған-ды. «Қаз­ав­тожол» АҚ жергілікті филиа­лының мәліметтерінше, көпірдің құ­рылыс жұмыстарымен «Қаз Дор­строй» компаниясы айналысуда. Көпірдің ұзындығы 12,3 шақырымды құрайды. Өзеннің екі жағалауынан қарама-қарсы бағытта бір уақытта басталған құ­ры­лыс түйісіп, су үстіндегі аспа­лы көпірдің ортасы жалғанып та қойды. Жобаның құны 53 млрд 808 миллион теңгеге бағала­нып­ты. Көпірді іске қосу үшін 10 мың тонна металл және 30 мың текше метр бетон пайдаланылады екен. Ал еліміздің өркендеуіндегі осындай жарқын мақсатқа өз үлес­терін қосып, жұмыс орын­дарының табылғанына қуанған құ­рылысшылардың көңіл лебі «Ор­талық-Шығыс» тасжолының 25 шақырымдық учаскесіне, Ленин кентімен Пограничник аралығына келгенде су сепкендей басылып қалғаны өкінішті-ақ. Қазір жол құрылысы тоқтап тұр. Себебі, бас мердігер компания 300-дей жұ­мысшы, құрылысшыға үш-төрт ай еңбекақы төлемепті. Қажетті құ­ры­лыс материалдары, жанар-жағар­май қоры да таусылуға жақын. Жол бойындағы 6 құрылыс учас­­­кесінің бірі – Павлодар-Ас­тана бағы­тындағы жолдың Ленин кен­­тінен Пограничник ауылына дейін­гі 25 шақырым қазір жұмысы тоқ­тап тұрған аралық. Құрылыс жұ­мыс­тарын жүргізген «Автодорсервис» ком­па­ниясының құ­ры­лысшы жігіттерінің айтуларын­ша, бір күнде 400 метрден астам жерге бетон құйылады. Қиыршық тас, құм Екібастұздан, Майқайыңнан жет­кізіледі. Қолданыстағы жолдың ескі қабаты түгелдей алынып, жаңа топырақ салыныпты. Құм, қиыршық тас төселіп, бетон құйылып, асфальтты қырып, ұсақтау үшін неміс технология­сы қол­данылған. Екібастұз бен Ленин кен­тіне дейінгі аралықтағы жолға бетон төселіпті. Бетон фирманың өн­дірістік базасында орналасқан шағын зауытта дайындалады. Зертханада тексеруден өтеді. Зауыт жұмысы авто­маттандырылған. Дайын бетон жүк көліктеріне тиеліп, жол учас­ке­сіне жөнелтіледі. Бетон құятын техника неміс технологиясы бойынша жүргізіледі. Қалыңдығы – 25 сантиметр, ені – 9 метр. Бетонды күн көзінен сақтайтын арнайы қоспа себіледі. – Біз де басқалар секілді жол құры­лысын сапалы аяқтау үшін, өзіңіз көріп тұрғандай, күндіз-түні жұмыс істедік. Маңдай тер төгілді. Еңбекақымызды дер кезінде төлемеген соң жұмысты тоқтатуға мәжбүр болдық. Қазір біздің мекемеде 3 мердігер компания бар, 450 адам жұмысқа жұмылдық, 250-дей техника бар. Бұл енді қандай жұмыс болмақ, сонда? Еңбекақыларының төленуін талап еткен бәленбай жұмысшы қол қойған арызымызды көріп тұрсыз, – дейді мердігер компания өкілдерінің бірі Рахымберлі Әбілов. Жалпы, 2014 жылы «ҚазАвтоЖол» АҚ пен «Автодорсервис» фирмасы» ЖШС арасында Павлодар облысының аумағындағы жолдың 25 шақырымын жөндеу туралы келісімге қол қойылады. Қазір «Автодорсервис» фирмасы» ЖШС-нің құрылтайшылары арасында өзара дау-дамай туындап, дауласқан осы қос құрылтайшының арасында қалған қарапайым еңбек адамдарының тағ­дыры, құрылысшылардың жан­ай­қай­лары, екі аралықта бітпей қалатын жобаның, яғни жолдың жағдайы алаң­датып тұр. Ленин кенті мен Пограничник ара­лығындағы 25 шақырымдық жол құрылысын тоқтатпай, құрылыс­шы­ларды жұмысқа қайта тарту үшін «ҚазАвтоЖол» АҚ қазір банктен «эс­кроу-шот» ашып, жол учаскесінің құрылысын толық бақылауға алса керек. «ҚазАвтоЖол» заң бойынша «Автодорсервис» фирмасы» ЖШС-да орын алған жағдайға араласа алмайды. Бірақ, «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан жобаның тоқ­тауына немесе уақытында аяқтал­мауына жол бермейміз, дейді «Қаз­АвтоЖол» АҚ өкілдері. Әуелде «ҚазАвтоЖол» АҚ об­лыс­тық филиалы «барлық құрылыс учас­келерінің жұмысы, жолдардың жөн­делуі мен қалпына келтіру шарала­ры қатаң түрде қадағаланады. Мер­дігер компанияның қызмет сапасы, авторлық бақылау, техникалық бақы­лау қызметтері, тапсырыс беру­шінің қызмет сапасы мен жұмыс сапа­сын «Павлодар-Жол лаборатория» республикалық мемлекеттік меке­месі бақылайды...» деген-ді. Енді об­лыстық еңбек басқармасы «жұмыс­шы­лардың шағымы 30 күн бойы қа­ралады. Жұмыс берушінің кінәсі анық­талса, әкімшілік хаттама толты­ры­лып, оған 100 айлық есептік көрсет­кішке дейінгі көлемде айыппұл салы­нады. Басқарманың ұйғарымы орын­далмаған жағдайда, материалдарды сотқа жолдаймыз», дейді. Бастысы, «Ас­та­на-Павлодар» автожолының 25 ша­қы­ры­мындағы құрылыстың тоқтаға­нынан, жұмысшылардың жалақы ал­ма­ға­нынан, құрылысқа қажетті материал­дар бойынша қарыздың 100 мил­лион теңгеден асып кеткенінен, тіпті Астанадағы шенеуніктер де хабар­дар екен. Олай болса, «Нұрлы Жол» бағ­дар­­ламасы аясында жүргізіліп жат­қан Астана-Павлодар бағытын­дағы жол құрылысының аяқта­луына «Автодорсервис» ЖШС құрыл­тай­шылары неге кедергі келтіреді?.. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы