Республикалық акция аясында Құрманғазының «Сарыарқа» күйін бір мезгілде 2020 адам орындады
Бұл шараның негізгі мақсаты – еліміздің әлеуметтік-экономикалық салада жеткен жетістіктері мен саяси тұрақтылығы арқасында әлемдік қауымдастық мойындаған беделін және Сарыарқаның төріндегі Астанамыздың мерейін асқақтату, жастардың бойына патриоттық рухты сіңіру. Республиканың барлық өңірлерінде, атап айтсақ, облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында қолдау тапқан акцияның маңызы ерекше. Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұсынылған аталмыш жобада әр жоғары оқу орнынан 30-40 адамнан тұратын студенттік оркестрлер еліміздің барлық облыстарын бір мезгілде Құрманғазының «Сарыарқасымен» күмбірлеген күйге бөледі. Солардың бірі – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Бұл күні ұлттық университеттің бас ғимаратында орналасқан Күлтегін ескерткішінің жанында Айгүл Жайлауқызының жетекшілігімен құрылған «Дала сазы» ұлттық аспаптар оркестрі Құрманғазының «Сарыарқа» күйін орындады. Күйді тыңдау үшін Түркиядан келген делегация, университет оқытушылары мен студенттері бас қосты. Оның салтанатты ашылуында филармония қызметкері, суырыпсалма ақын Серікзат Дүйсенғазин: «Германияның бір профессоры Құрманғазының «Сарыарқасын» тыңдағанда: «Күйді шығарған адам қай консерваторияны бітірген?» деп сұраған екен. Өйткені, ол Сарыарқаның даласын осыншалықты асқақ рухпен күй пернесіне түсіріп, қасиетті қара домбыраның үнімен бүкіл әлемге жеткізіп отыр. Сондықтан да, біз әрқашан да өзіміздің күй өнерімізді мақтан тұтуымыз қажет», – деді. Осы сәттен соң әр түрлі аспаптардан құрылған оркестр осынау дауылпаз күйді орындады. «Балбырауын» мен «Адай» күйлерін шарықтатты.
Сөз реті келгенде айта кетелік, Еуразия ұлттық университетінде соңғы төрт жылдан бері музыкалық білім беру кафедрасы жұмыс істемегенмен, университет студенттерінің әртістік, айтыскерлік, әншілік, әсіресе, музыкалық бейімі ескеріліп, 2009 жылы студенттік филармония ашылған болатын. Филармония бүгінде өзінің алғашқы жемісін беруде.
Қазақтың өзіне сай, мақтанышпен үлгі ететіндей ұлттық құндылығы, айтысы, сонымен қатар, ұлттық күй өнері бар. Мұны біз ешқашан санамыздан шығармай, әрдайым өзгеге паш етіп, шет мемлекеттерге таныстырып отыруымыз қажет. Осы тектес ұлтттық нақышымызды одан әрі тереңдетілген күйде таныстыруда осындай акциялар мен республикалық деңгейде қолға алынған іс-шаралардың маңызы зор екендігін кәсіби шығармашылықта, жоғары деңгейде орындалған «Сарыарқа» күйі дәлелдей түскендей.
Жұлдыз БАЙДІЛДА.
Суретті түсірген Игорь БУРГАНДИНОВ.

АҚШ пен Иран келісімінен кейін мұнай арзандады
Әлем • Бүгін, 09:48
Рио-де-Жанейро аспанында екі тікұшақ соқтығысып, 6 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:33
Қазақстан триатлоншылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде екі алтын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 09:22
Әлем чемпионаты: Швеция Тунистен басым түсті
Спорт • Бүгін, 09:18
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:10
Соңғы минутта соғылған гол Кот-д’Ивуарға жеңіс сыйлады
Футбол • Бүгін, 09:09
Coca-Cola Belesteri: Әйелдер мен жастарға 1 млн теңгеден 10 грант беріледі
Қоғам • Бүгін, 09:00
Әлем чемпионаты: Нидерланд пен Жапония тең түсті
Футбол • Бүгін, 08:41
Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:27
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 08:18
Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05