Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында келіп отырған биылғы Конституция күнінің орны бөлек. Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінде Конституциялық Кеңес Төрағасы Игорь Рогов баспасөз мәслихатын өткізді.
Ол БАҚ өкілдерінің алдында Конституция – мемлекет заңдылығының құқықтық іргетасы және еліміздің қарқынды дамуы мен тұрақтылықтың негізі екендігін айтты. «Қазақстан мемлекеттіліктің барлық атрибуттарымен егемен және тең құқылы ел ретінде қалыптасты. Халықтың ғасырлар бойғы арманы орындалды. Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірді. Енді алдымызда «Қазақстан-2050» Стратегиясына сай дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсаты тұр. Осы мақсат-міндеттерге жету жолында біздің Конституция жан-жақты жетілдірілген», деді Игорь Рогов.
Сонымен қатар ол Негізгі Заңның нығайтушы рөліне ерекше назар аударды. Конституцияда республика қызметінің негізін қалаушы қағидаларға еліміздегі патриотизм жататынын мәлімдеді. «Конституциялық патриотизм Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының бір бөлігі болып табылады. Естеріңізде болса, Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында «Мәңгілік Елдің» жеті берік бөлігі негізінде Патриоттық акт қабылданды. Оларға Тәуелсіздік және Астана, жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, зайырлы мемлекет және жоғары руханият, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы жатады», дей келе, Кеңес Төрағасы Негізгі Заңды құрметтеу конституционализм идеялары мен қағидаларына шынайы берілгендікті талап етеді және оларды жаппай мақұлдау қазақстандықтардың мемлекет алдындағы басты міндеті екенін атап өтті.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Үкіметте қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:04
Емдік су және бірегей табиғат: Алакөлге барудың бес себебі
Туризм • Бүгін, 13:02
Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 12:53
Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?
Парламент • Бүгін, 12:50
Қазақстанда шетелдік шаруаларды жұмысқа алу талаптарын жеңілдету ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:27
Шомылу маусымына дайын: Алакөл жағалауында инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталды
Туризм • Бүгін, 12:20
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45
Отандық тауарлар БАӘ нарығында кедендік жеңілдіктерге ие болмақ
Экономика • Бүгін, 11:39
Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады
Парламент • Бүгін, 11:28
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54