18 Ақпан, 2011

«Ақтады елдің тілегін»

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының атына еліміздің әр аймағында тұратын азаматтардан қолдау білдіріп, ізгі тілектерін арнаған хаттар легі толассыз келуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. «Сіздің аман-есен болуы­ңыз­ды тілей отырып, елімізді биік белестерден көрсете бере­ті­ніңізге сенім білдіреміз», – деп жазады Теміртау қаласындағы металлургтердің аты­нан хат жол­даған Қанат Қарисов. Хаты­ның соңында ол Елбасына зор ден­саулық, мол күш-қайрат тілейді. Павлодар облысы Ертіс ауда­нына қарасты Ертіс ауылында тұ­ратын зейнеткер, ұзақ жыл ұстаздық еткен Мағафируз Салихзянова: «Ота­нымызды дана­лық саясаты­ңыз­бен Сіз басқа­рып тұрғанда, болашағымыз жар­қын, елімізде бейбітшілік бо­латынына, халқымыздың әл-ауқатының жақсара беретініне кәміл сенеміз», – дей келе жү­рек­жарды жыр жолдарын ар­найды. Сонымен қатар, Жамбыл об­лысы Шу ауданындағы Төлеби ауылының тұрғындары Тал­ғат және Әлихан Сейтімбетовтер де өлеңмен өрнектелген игі ниеттерін білдіреді. Ал Алматы облысы Іле ауда­нынан хат жазған Қабан­бай Құма­қай­ұлы Мемлекет бас­шысына арнап ақ қағазға тү­сірген жыр жолдарын жол­дай­ды. «Сыбанған түріп білегін, Елім деп соққан жүрегі, Нұр­сұлтандай ер туып, Ақтады елдің тілегін», – деп жазған хат иесі.