Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа
Жоғары Мәртебелі Президент мырза!
Халықаралық медиа-өкіл және әлемдегі ахуалдың нашарлап кетуіне алаңдаушы азамат ретінде Сізге және Қазақстан Үкіметіне ядролық қарусыздану ісіне берілгендігіңіз бен ұмтылысыңыз үшін өзімнің ризашылығымды білдіруім қажет деп санаймын.
Ядролық державаның тумасы бола отырып мен бірнеше супердержавалардың ОСВ-І, ОСВ-ІІ және СНВ секілді форумдарда адамдардың және қарапайым халықтың болашақ тағдырын шешетін келіссөздер жүргізген заманда өсіп-жетілдім. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін күмәнді режімдерге ядролық қару сатып алудың белгілі бір мүмкіндігі туды.
Сіздің Семей ядролық сынақ полигонын жабуға бастамашылық танытқаныңыз тәнті етпей қоймайды. Бұл полигон өңірдегі адамдар мен болашақ ұрпақтың денсаулығына орны толмас орасан зор зардабын тигізіп келген қарғыс атқан жерге айналды. Бір қуанарлығы, өзіне полигонның физикалық та, психологиялық та кері әсерін айқын сезінген Кәріпбек Күйіков секілді талантты суретшілер қатал тағдырға қарсы тұрып қана қоймай, осынау жан-түршігерлік тәжірибені өзге әлеммен бөлісуге қол жеткізе алды.
Сіздің ядролық қарусыздану мен әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолында жұмсап келе жатқан адам айтқысыз күш-жігеріңізді мойындай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен әлемдік қоғамдастық Қазақстанды Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтайды.
Барлық құрлықтардың, әсіресе, Еуропа мен Азияның азаматтары әлемге түрлі әдіс-тәсілдермен, оның ішінде ядролық арсенал да бар, қатер төндірген неоимпериалистік күштер алдында үрей-қорқынышсыз өмір сүрулері тиіс. Көреген шетелдік сарапшылар атом энергетикасы мен Төмен байытылған уран еңбек өнімділігі мен экономикалық өсімді арттыру үшін тиімді түрде пайдаланылуы керек екенін түсінеді.
Мен жақында жарияланған «Қазақстан – серпінді өсу жолында» деген мақаламды зерттеп, жазу кезінде Сіз бен Сіздің командаңыз 2050 жылға қарай Қазақстанды әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін жүзеге асырып жатқан жан-жақты құрылымдық саясатқа көңілім толды.
Құрметпен және
шынайы тілектермен,
Прашун ДУТТ,
«The Sun Daily» газеті редакциялық алқасының мүшесі

Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25