Мемлекет басшысы Қазақ ұлттық хореография академиясының ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Рәсімді ашқан Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды елордада жаңа жоғары оқу орнының бой көтеруімен құттықтады.
«Бүгін біз Астанада жаңа өнер ордасын салтанатты түрде ашып отырмыз. Бұл жерде ұлттық балет пен би шеберлерінің жаңа шоғыры оқып-тәрбиеленеді. Мұнда қазақстандық салт-дәстүр дамып, әлемдік деңгейдегі би өнерін дамытуға жаңаша қадамдар жасалатын болады. Ұлттық хореография академиясы – біздің елімізде ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдеріндегі осы үлгідегі алғашқы жоғары оқу орны. Онда қазақстандықтармен бірге өзге шет елдердің шығармашыл дарынды жастары оқитын болады. Еліміздегі бұл академия уақыт өте келе бүкіл Еуразиядағы балет пен би шеберлерін дайындайтын жетекші орталықтардың бірі болатынына сенемін», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы академиядағы оқу ісі би мен балет өнерінің негіздерінен бастап жоғары оқу орнынан кейінгі магистрлер мен докторанттарды дайындауға дейінгі білім беру үрдісінің барлық деңгейін қамтитынын атап өтті.
«Бұл көп деңгейлі кәсіби хореографиялық білім беретін толық циклды академияның маңыздылығы мен бірегейлігін ескере отырып, оған менің жарлығыммен «ұлттық жоғары оқу орны» айрықша мәртебесі берілді. Сіздер осы жаңа өнер ордасында жоғары халықаралық өлшем мен білім берудің отандық қайталанбас стандартын қалыптастыруға тиіссіздер. Сіздер Қазақстанның би мен балет өнерінің жаңа ұлттық брендін орнықтырады деп сенемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті оқу орнының бюджеттен тыс қаражат көздеріне салынғанын айтып, сәулетшілер мен құрылысшыларға атқарған жұмыстары мен шығармашылық еңбектері үшін алғыс білдірді.
Рәсім барысында Нұрсұлтан Назарбаев академия ректоры А.Асылмұратоваға балеринаның шағын мүсінін табыс етті.
«Бұл мүсінді түлектер жыл сайын бірінші сынып оқушыларына табыстайды, ол балет әртістерінің кәсіби деңгейінің өсуінің жалғастығы мен академияның дәстүрлер сабақтастығының символы болады», – деді Елбасы.
Қазақстан Президенті академияның Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба және «Уақыт капсуласына» естелік жазба қалдырды. Бұдан бөлек, Елбасы балет залын, жатақхананы, асхана мен бірінші сынып оқушыларына арналған оқу сыныптарын аралап көрді.
Нұрсұлтан Назарбаев салтанаттың қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында барша қазақстандықтарды келе жатқан Білім күнімен құттықтап, оқушыларға, ата-аналар мен мұғалімдерге табыс пен мықты денсаулық тіледі.
Айдар ӨРІСБАЕВ
• 31 Тамыз, 2016
Елбасы хореография академиясының ашылу рәсіміне қатысты

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20