Олимпиаданың алтын медалін иеленген «қазақ Фельпсі» жүзгіш Дмитрий Баландин мен қыз-келіншектер арасында бокстан Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алған Дариға Шәкімоваға лайықты сый-сияпат көрсетілді. Дариғаның биылғы Олимпиада кезінде шеберлігі үшін Вэл Баркер Кубогын иеленген америкалық боксшы, екі мәрте Олимпиада чемпионы Кларесса Шилдске қаймықпай қарсы тұрғанын еске алған жиналған қауым қайсар қызға ерекше құрмет көрсетіп, қол соқты.
Үкіметттің арнай шешімі бойынша Олимпиадада бірінші орын алған спортшы қаржылық сыйақыдан тыс (250 мың АҚШ доллары) 3 бөлмелі, үшінші орын алған спортшы (50 мың АҚШ доллар) бір бөлмелі пәтердің кілтін қолына алуы тиіс. Бүгін Алматыда сол шешімге сай талаптар жүзеге асты.
Салтанат үстінде сөз сөйлеген қала әкімі Бауыржан Байбек:
– Құрметті спортшылар, сіздер Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тұспа-тұс келген келген Рио Олимпиадасында ел намысын қорғап, еліміздің көк Туын көкке көтердіңіздер,– деді. – Алматылықтар және барша қазақстандық жанкүйерлер дүбірлі күндері сіздерге әр сәт қолдау көрсетті. Әуежайда зор қуанышпен қарсы алды. Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық жүлдегерді Астанада қабылдап, мемлекеттік наградалармен марапаттады. Сіздерді тәрбиелеген ата-аналарыңызға, сіздерді үлкен спортқа дайындаған жаттықтырушыларыңызға үлкен рахмет! Диманың анасы осында қатысып отыр, ал Дариғаның анасы – Петропавлда. Елбасы айтқандай, бақыттың үш кілті (кәсіптің кілті, үйдің кілті, көліктің кілті) болса, бүгін сіздер сол үш кілтке де ие болып отырсыздар. Алда жаңа биіктерге жете берулеріңізге тілектеспін!
Жүзгіш Дима мен боксшы Дариғаның бапкерлері де қала әкімдігінде өткен салтанатттан құр қол қайтпады. Бауыржан Байбек оларға 3 млн және 2 млн теңге көлемінде сыйақы табыстады.
Қала әкімдігінің алдында қызыл лента байланған жол талғамайтын қос көліктің кілті – Дмитрий Баландин («Тойота Ланд Крузер-200») мен Дариға Шәкімоваға («Тойота Ланд Крузер Прадо-150») жиналған қауымның ду қол шапалағының астында берілді. Өз кезегінде сөз алған Дариға Шәкімова мен Дмитрий Баландин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, қолдау көрсеткен барша қазақстандық жанкүйерге және бүгінгі көрсетілген сый-сияпат үшін шын жүректен алғыс айтты.
Талғат СҮЙІНБАЙ
АЛМАТЫ

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026