Орал өңірінде Конституция күніне арналған іс-шаралар сан алуандығымен және мәні мен мазмұнының тереңдігімен ерекшеленді. Солардың арасында «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы: өткені, бүгіні мен болашағы» атты конференцияның шоқтығы биік болды. Осы басқосуда сөз алған Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өз ойын: Тәуелсіздік жылдарында еліміз бен барша Қазақстан халқы тек бір ғана заң үстемдігіне басымдық беретін мемлекет пен азаматтық қоғам құруға кірісті. Осы орайда Ата Заңымыздың алатын орны айрықша. Оның басты қағидалары мен баптары қоғамдық өміріміздің барлық салаларындағы іске басшылық болып табылады деп түйіндеді.
Қастерлі құжаттың арғы астары мен алатын орнын саралап берген дөңгелек үстел Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде де ұйымдастырылды. Биылғы Конституция күні Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес бұдан 25 жыл бұрын Семей атом полигоны жабылуымен тұспа-тұс келді. Соған сәйкес облыс орталығында «Ақ орамал» атты республикалық акция аясында ұйымдастырылған шараға бес мыңнан астам әйелдер қатысты.
– Ақ орамал – ар-ождан мен айбынның нышаны. Бұл өзара түсіністік пен келісімге шақыра білудің таптырмас жолы. Халқымыздың арғы-бергі тарихында ортаға тасталған ақ орамалды ешкім аттап өтпегені белгілі. Ақ орамал – халқымыздың айнымас салт-дәстүрлері қатарынан орын алатын киелі құндылықтардың бірі. Бүгінгі акцияның «ақ орамал» атауын иеленгені осы құндылықтың бәсі мен мәртебесі бүгінгі күні арта түспесе, кемімегенін көрсетеді, – деді мыңдаған әйелдер жиналған Жайық жағалауындағы басқосуда қазақтың белгілі ақын қызы Ақұштап Бақтыгереева.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
ОРАЛ

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20