19 Ақпан, 2011

Жаңа мүмкіндіктер кезеңі

459 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ха­лықтың әлеуметтік әл-ауқатын арт­тыруға бағытталған, парасат пен көрегендікке толы «Бола­шақты бір­ге қалаймыз» атты Жолдау­ын­да жария етілген тың бастаулар кез келген салада жаңа мүмкіндік­тер ашады. Жолдау қо­ғамның ал­дына жаңа міндеттер қойды, ұста­нымы жоғары талаптар жүктеді. Атап айтсақ, онда басты назар әлеу­мет­тік, ден­саулық сақ­тау, білім беру, тұр­ғын үймен қамта­ма­сыз ету сын­ды айшықты мәсе­ле­лерге арналды. Ау­ыл ша­руашы­лы­ғы саласын өр­кендету, индус­трия­ландыру мен инфра­құ­ры­лым­ды дамыту есебінен ор­нық­ты эко­номикалық өр­леу­ге қол жеткізу, адамдардың бә­се­­кеге қабілетті­лігін арттыру үшін жағдай жасау қажеттігі айтылды. Жегі құрттай жал­маған жем­қорлық індетін жою шара­ла­ры көрсетілді. Халық­ара­лық са­рап­шы­лардың талдауы бойынша Қа­зақстанның жемқор­лыққа қар­сы заңнамасы ең тиімді болып танылды. Бұл орайда кеден ор­гандары, әсіресе, Астана қаласы бойынша кедендік бақ­ы­лау департаменті жемқорлықпен кү­рес­те пәрменді істер атқарып келеді. Кеден одағы құрылып, соның арқасында өткен жылы оған мү­ше мемлекеттерге қазақстандық өнім экспорты 52,4 пайызға ар­тып, ал бюджетке түсетін кеден бажының өсімі 25 пайызды құ­рады. Кеден одағы үш елдің өз­ара ынтымақтастығы мен серік­тес­тігінің жарқын кепілі. Ал Астана қаласы бойынша кедендік бақылау департаменті республи­каның бюджетін кеден төлемдері мен салықтар есебінен 5 млрд. 447 млн. теңгеге молайтты. Сол сияқты Жолдауда қазақты ұлт ет­іп біріктіріп отырған ана тілі­міз­дің тағдыры туралы, 2017 жылы қазақ тілін меңгерген қазақстан­дықтар саны 80 пайызға, ал 2020 жылы 95 пайызға артатындығы айтылды. Бұл арада департаментімізде іс-қағаздар жүргізу то­лық­тай қазақ тіліне көшіп, бар­лық шығыс хаттар тек қазақ тілінде жолданатынын атап айт­қым келеді. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясы мейлінше ке­ңей­­тіле түсуде. Бақытжан САЛҚЫМБЕКОВ, Астана қалалық кедендік бақылау департаменті бастығының міндетін атқарушы.