01 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» 2008 жылғы 21 сәуірдегі  № 573 Жарлығына толықтыру енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1.«Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуір­дегі № 573 Жарлығына (Қазақстан Рес­пуб­ликасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 166-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекі­тілген Бірінші басшыларын Қазақстан Рес­публикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тіз­бесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын: «10. Қазақ ұлттық хореография академия­сы». 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 29 тамыз.  №313