Ата Заң мерекесі күні шығысқазақстандықтар Өскемен әуежайынан ХХХІ жазғы Олимпиялық ойындарының қола жүлдегері, жеңіл атлет Ольга Рыпаковамен бірге ауыр атлет Денис Уланов, жеңіл атлеттер Евгений Лабутов, Ирина Смольникова, Элина Михина және байдаркада есуші Екатерина Смирнованы қарсы алды. Әуежай алдында спортшыларды жанкүйерлер атынан құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар жерлесіміз Ольга Рыпакованың Олимпиадада Қазақстан жеңіл атлеттері қатарынан жүлделі болған жалғыз спортшы екеніне ерекше тоқталды.
– Елбасымыз атап өткендей, Ольга Рыпакова тек спортшы ғана емес, сонымен қатар, ол батыр ана, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Рио Олимпиадасының қола жүлдегері де ризашылығын білдірді: – Олимпиададан кейін мен тағы бір жарысқа өнер көрсетуге аттанып кеттім. Сондықтан, екі сайыстан кейін Өскеменге жету – мен үшін үлкен қуаныш. Әр күн сайын әлеуметтік желілерде қолдау көрсетіп, тілек білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын, – деді Ольга Рыпакова.
Облыс әкімі Даниал Ахметов Ольга Рыпаковаға жерлестері атынан Toyota Land Cruiser Prado автокөлігі мен 50 мың АҚШ долларын сыйласа, жарысты төртінші орынмен аяқтаған Денис Улановқа екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Олимпиялық ойындарға Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан басқа спортшыларға, атап айтқанда, диск лақтырушы Евгений Лабутовқа, марафоншы Ирина Смольниковаға, жүгіруші Элина Михина мен ескекші Екатерина Смирноваға облыс әкімінің бір жылдық стипендиясы сертификаттары табыс етілді.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Ата заң • Бүгін, 17:05
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30