Алматыда Олимпиаданың алтын медалін иеленген жүзгіш Дмитрий Баландин мен қола жүлдесін жеңіп алған Дариға Шәкімоваға лайықты сый-сияпат көрсетілді. Жиналған қауым Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен бірінші болып Олимпиялық ойында жеңіске жеткен Дима мен екі мәрте Олимпиада чемпионы, америкалық Кларесса Шилдспен қаймықпай шайқасқан Дариғаға ерекше құрмет көрсетіп, қол соқты.
Үкіметтің арнай шешімі бойынша Олимпиадада бірінші болған спортшыға 250 мың долларлық сыйақыдан тыс 3 бөлмелі, үшінші орын алған спортшыға 50 мың доллардан бөлек бір бөлмелі пәтер берілуге тиіс. Оңтүстік астанада сол шешімге сай талаптар жүзеге асты.
Салтанат үстінде сөз сөйлеген қала әкімі Бауыржан Байбек:
– Құрметті спортшылар, сіздер Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тұспа-тұс келген Рио Олимпиадасында ел намысын қорғап, еліміздің көк Туын көкке көтердіңіздер,– деді. – Алматылықтар және барша қазақстандық жанкүйерлер дүбірлі күндері сіздерге әр сәт қолдау көрсетті. Әуежайда зор қуанышпен қарсы алды.
Суда жүзуші Дима мен боксшы Дариғаның бапкерлері де қала әкімдігінде өткен салтанаттан құр қол қайтпады. Бауыржан Байбек оларға 3 млн және 2 млн теңге көлемінде сыйақы тапсырды.
Қала әкімдігінің алдында қызыл лента байланған жол талғамайтын қос көліктің кілті – Дмитрий Баландин («Тойота Ланд Крузер-200») мен Дариға Шәкімоваға («Тойота Ланд Крузер Прадо-150») жиналған қауымның ду қол шапалағының астында берілді. Өз кезегінде сөз алған Дариға мен Дима Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, қолдау көрсеткен барша қазақстандық жанкүйерге және бүгінгі көрсетілген сый-сияпат үшін шын жүректен алғыс айтты.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Ата заң • Бүгін, 17:05
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30