Осы күндері Францияның Макон қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл дода Қазақстан балуандары үшін сәтті басталды.
Чемпионаттың алғашқы күні грек-рим күресінен Тамерлан Шадукаев əлем чемпионы атанды. Ол 74 кило салмақта күш сынасып, финалда Румыния спортшысы Мариэні 6:1 есебімен жеңді. Бұл – Қазақстанның әлем чемпионатындағы 2009 жылдан бергі алтын жүлдесі.
Осыдан кейін Қаһарман Қисметов грек-рим күресінен елімізге тағы бір жүлдені сыйлады. Ол 66 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде финалда грузин балуанына ғана есе жіберіп, күміс медальді иеленді.
Сөйтіп, әлемдік додада «классиктер» бір алтын, бір күміс медальмен жарысты аяқтады. Ендігі кезек – бойжеткендерде. Одан кейін кілемге еркін күрес балуандары шығады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше