«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында пайдалануға берілді
Барқытбел бауырындағы Жетіарал ауылының оқушылары жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастады. Апатты жағдайдағы мектепті алмастырған аталған нысан «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында салынды. 300 орындық жаңа ғимараттың спорт залы мен асханасы бар, сынып бөлмелері мен дәліздері кең әрі жарық. Жаңа білім ордасының ауласында соғылған алғашқы қоңырау үні ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі.
Ғимараттың ашылу салтанатында сөйлеген ел азаматтарының ақ тілегінен соң мектеп директоры Бақыт Алдауышовқа жаңа ғимараттың кілті табыс етілді. Айта кеткен абзал, бұл нысанның құрылысы белгіленген мерзімінен үш ай бұрын пайдалануға беріліп отыр. Ата-аналар мектепті мерзімінде және сапалы салып берген мердігер мекеменің жетекшісі, жергілікті кәсіпкер Қайрат Қожахметовке айрықша алғыс айтты.
– «Сен қандай бақытты едің, келер ұрпақ» деген ақын өлеңі осындайда еске түседі. Жетіаралға аз жылдың ішінде көп өзгерістер енді. Жетпісінші жылдары салынған бұрынғы мектеп 1991 жылғы зілзаладан кейін комиссия шешімі бойынша апаттық жағдайда деп танылған болатын. Балалар содан бері ескі мектепте оқып келді. Енді алыстағы елді мекенде қаланың өзінде кездесе бермейтін барлық мүмкіндігі бар білім шаңырағы салынды, – деді ауылдастарының ортақ қуанышын жеткізген еңбек ардагері Баймұхамбет Нұрсадықов.
Жетіаралдық ұстаздар мен оқушыларды заманауи білім ордасының ашылуымен құттықтаған аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев сәулетті мектепке кірген балалардың болашақта үлкен биіктерден көрінуін қалайтынын айтып, жақсы білім алуларына тілектестігін білдірді. Ауылдық округ орталығында бой көтерген қос қабатты білім ордасы лингафон, интерактивті тақта және тағы басқа қажетті материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілген. Сынып бөлмелеріне қойылған компьютерлер мен жиһаздардың барлығы жап-жаңа. Сондай-ақ, парталардың барлығына қол жуатын санитарлық тораптар тартылған.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25