02 Қыркүйек, 2016

Жасампаздық жылнамасы

347 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
ERA_66671992 * 10 тамызда Президент Нұрсұлтан Назарбаев елімізге кел­­­­­­ген ха­­л­ық­­аралық Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамдары фе­­де­­р­а­­­ция­сының бас хатшысы Микаэль Стейнбекпен кездесті. Ел­­ба­сы кездесу барысында барша қазақстандықтарды, осы өңірдегі мемлекеттердің халықтарын ғана емес, бүкіл халық­аралық қауымдастықты аландатып отырған Арал апатының планеталық сипаты бар екенін атап өтті. Микаэль Стейнбек өз кезегінде федерация Қазақстанға көрсететін ізгілік көмегін күшейтуге бағыт алғандығын жеткізді. Осы күні Премьер-Министрдің орынбасары М.Жолдасбеков пен Микаэль Стейнбек екі жақтың арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды; * 12 тамызда Елбасы Жарлығымен Қазақстан Прези­денті­­нің жанындағы Консультациялық кеңес құрылды. Мем­ле­кет­тік билік пен басқару органдарының қоғамдық-саяси ұйым­дармен, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен, халықтың түрлі топтарының өкілдерімен байланыстарын қолдау мақсатында құрылған бұл кеңесші органға республикадағы әлеуметтік-саяси үдерістерге, қоғамдық пікірге талдау жасау, оқиғаның ықтимал өрбу барысын болжау, саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз етудің стратегиясы мен тактикасының негізін қалыптастыру міндеттері жүктелді; * 18 тамызда Елбасының «Қазақстан Республикасының ше­кара әскерлері туралы» Жарлығы шықты. Соған сәйкес, Қазақ­­станның шекара әскерлері құрылып, ол тікелей Ұлттық қауіп­сіздік комитетіне (ҰҚК) бағындырылды. * 19 тамызда Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік ден­­сау­­лық сақтау ұйымына мүше болды; * 25 тамызда  Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Әскери ант ту­ра­лы» Жарлығы шықты; * 27 тамызда Алматыда Елбасының бастамасымен Тау­лы Қара­бақ­тағы қақтығысты реттеу мәселелері бойынша үш жақты келісімдер басталды. Оған Әзербайжанның, Арме­ния­ның және Қазақстанның Сыртқы істер министрлері қатыс­ты. Келіссөздің бірінші турынан кейін де, келіссөз аяқтал­ғаннан кейін де оған қатысушыларды Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қабылдап, бүгінгі таңдағы басты міндет қақты­ғысты тоқтатудың нақты жолдарын іздестіру екендігін атап өтті. Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министр­лері Қазақстан Президентіне бітімгершілік қызметі үшін алғыстарын білдірді. Келіссөздің қорытындылары бойынша қол қойылған меморандумда екі елдің министрлері Әзербайжан мен Арменияның соғыс қимылдарын 1992 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тоқтатуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Бұл мерзім президенттер — Н.Назарбаев, Ә.Елшібей мен Л.Тер-Петросян арасындағы уағдаластық бойынша келісілді. *2 қыркүйекте Қазақстан Іскерлік ынтымақтастық орталығында (бұ­рын­ғы ХШЖК) осыдан 80 жыл бұрын жабылып тасталған «Қарқара» жәрмеңкесі қайта ашылды. *5­ қыркүйекте Алматы облысының Жамбыл ауданында Қазақстан және Қыр­­ғыз­с­тан президенттерінің қатысуымен «Ар-намысым, қасіретім, мақ­та­­нышым – Желтоқсан!» атты жиын болып өтті. Шарада Н.Ә.Назарбаев: «Өздеріңізге жақсы мәлім, осыдан алты жыл бұрын қазақ халқының арқасына аяздай батқан Желтоқсан оқиғасы болып өтті. Сол Желтоқсанда ұзақ жылдар бойы тұншықтырылып келген әділет сөзі алғаш рет ашық айтылып, жер бетін жаңғырықтай шарлап кетті», – деді. Сондай-ақ, Елбасы Желтоқсан оқиғасы кезінде қырғыз жастары да қыспаққа түскен қазақ жастарына қол ұшын беріп, демеу болуға ұмтылғанын, бірақ зорлықшыл жүйе олардың да аяғын тұсап, кейін қуғын-сүргінге ұшыратқанын, қырғыз бауырларының қарлығаштың қанатымен су сепкендей болған адал ниетін қазақ халқы әрқашан жадында сақтайтынын атап көрсетті. Бұл жөнінде «Егеменді Қазақстан» газетінің 8 қыркүйектегі нөмірінде «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан!» тақырыбымен мақала жарияланды. *14 кыркүйекте Алматыда республика өнеркәсіпшілері мен кәсіпкер­лері­­нің І съезі болды. Съезде Президент Н.Ә.Назарбаев сөз сөйледі. «Халық­ты нарыққа қазірдің өзінде белсенді түрде дайындау керек. Бұл орайда шамасы келмейтіндерге, тіпті кәсіпкер болғысы келмейтіндерге қамқорлық жасау керек», – деді Елбасы. Осы күні Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған Қайрат Рысқұлбековке, оның туған жері – Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының «Көктерек» кеңшарында ескерткіш ашылды. *15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төралқасы жеке­­леген әкімшілік-аумақтық мекендердің атын өзгерту туралы қаулы қабыл­дады. Айта кетейік, осы қаулы бойынша еліміздің 7 облысында 29 елді мекенге өзінің тарихи, қазақы атаулары қайтарылды. *16 қыркүйекте Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 13-15 желтоқсан ара­­­лы­­­ғында Алматы қаласында республикада тұратын ұлттар мен ұлыстар өкіл­дері­­нің қатысуымен Қазақстан халықтарының форумын өткізу туралы қаулыға қол қой­ды. Осы форумның негізінде кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. *18 қыркүйекте Президент Жарлығымен «Қазақстан» мемлекеттік теле­радио хабарларын тарату компаниясы құрылды. Оның төрағасы болып Шерхан Мұртаза тағайындалды. Ал Министрлер Кабинетінің қау­лысымен Әбіш Кекіл­байұлы «Егеменді Қазақ­стан» газетінің бас редак­торы болып бекітілді. Газет­тің 19 қыркүйектегі нөмі­рінде Ш.Мұртаза мен Ә.Кекіл­байұлының лебіздері жария­ланды; *19 қыркүйекте Мәскеу­де Ресей Президенті Борис Ельцин мен Қазақ­стан Пре­­зи­денті Нұрсұлтан Назар­баев­тың жұмыс бабындағы кездесуі өтті. Кез­десуде екі мемлекеттің саяси, экономикалық және әскери салалардағы ерек­ше қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. *24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев­тың Францияға ресми сапары кезінде екі елдің қарым-қаты­настарын қалыптастыратын бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. ERA_6665*28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Алматыда Дүниежүзі қазақтары­ның тұңғыш Құрылтайы болды. Ал 30 қыркүйекте Алматыдағы Республика сарайында Дүниежүзі қазақтары Құрылтайының салтанатты мәжілісі өтіп, онда Президент Н.Ә.Назарбаев сөз сөйледі. «Қадірменді қауым! Алыстан келген ағайын! Ардақты отандастар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Орта толды деген осы. Дәл осынау сәтте өзін қазақпын деп сезінетін әрбір адам жүрегі лүпілдеп, атамекеніне, тәуелсіз Қазақ­станның астанасы Ал­матыға көз тігуде. Өйткені, мұнда дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі исі қазақ атау­лының өкілдері тұңғыш рет бастарын қосып, алқалы жиын, салтанатты мәжіліс – Құрылтайға жиылып отыр. Күні кеше ғана мұндай болады деген ой көбіміздің қиялымызға да кірмеген шығар. Енді, міне, аңсаған арманның тағы біріне қол жеткіздік», – деді Елбасы. Елбасының Құрылтайдағы сөйлеген сөзі «Егеменді Қазақстан» газетінің 2 қазан­дағы нөмірінде жарық көрді.