Кеше Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның жаңа сессиядағы алғашқы бюро отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі қаралды. Халық қалаулылары назарына «1994 жылғы 15 сәуірдегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау ұсынылады.
Сонымен қатар, тағы да бірқатар ратификациялық құжаттарды жұмысқа қабылдау көзделген. Олар: Қазақстан Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру, Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстанда Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімдерді, сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде екі елдің уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты болмақ.
Осы күні экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл және де жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалмақ. Сондай-ақ, бюро Парламент Мәжілісінің жанынан БАҚ өкілдерін аккредиттеу ережесін бекітті.

Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше