03 Қыркүйек, 2016

Хоккейшілер турнирді жеңіспен бастады

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-09-16-hokkey-1Хоккейден Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Олимпиялық ойын­дардың финалдық іріктеу тур­ни­рінің F тобындағы бірінші матчын Ослода Норвегия командасымен өткізіп, овертаймда 4:3 етіп ұтты. Кездесудің бірінші кезеңінде норвегтер белсендірек ойнады. Ал екінші кезеңде Андрей Назаровтың шәкірттері айдындағы ойыншы артықшылығын жақсы пайдаланып, есеп ашты. Оны 22-минутта Роман Старченко салды. Ал алаң иелері Матс Цукареллоның күш салуымен 2 минуттан кейін есепті теңестіріп үлгерді. Бірақ қонақтар осы кезеңде тағы екі шайба түсіріп, таразы басын өзіне бұрып жібергендей болды. Оларды Кевин Даллмэн мен Старченко өз есептеріне жазды. Норвегия құрамасы үшінші кезең­де осы басымдықтың орнын жауып, ақырғы есепті 3:3-ке жеткізді. Содан кейін овертайм ойналды. Мұнда Брэндон Боченс­ки салған шайба біздің жерлес­терімізді жеңіске жеткізді. Кеше кешкісін Қазақстан құра­масы Франциямен ойнап, 4:1 есе­бімен жеңіліп қалды. Сөйтіп, Олим­пиадаға бару мүмкіндігінен іс жү­зінде айырылды.   Дамир ҚОЖАМҚҰЛ