03 Қыркүйек, 2016

«Еуразия барысы» Алматыда өтеді

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Еуразия барысы»2 қазан күні Ал­матыда қа­зақ күресінен «Еуразия барысы» турнирі өтеді. Бұл туралы Уни­версиаданы дайындау мен өт­кізу жөніндегі ұйымдастыру коми­теті хабарлады. Турнир Алматыда жаңадан салынған «Алматы Арена» спорт ке­шенінде өткізіледі. Ол еліміз тәуел­сіздігінің 25 жылдығы мен қаланың 1000 жылдығына арналады. Оған 8 елден 130 балуан қатысады. Жарыс тікелей эфир арқылы KаzSport, «Боец» арналарынан көрсетіледі. «Еуразия барысы» турнирі бір жағы аталған спорт кешенінің әлеуе­тін байқауға мүмкіндік бе­реді. Өйткені, онда 2017 жылдың қаң­тар, ақпан айларында қысқы Универсиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаты, сондай-ақ, мәнерлеп сырғанау мен керлинг сайыстары өтуге тиіс. «Алматы Арена» спорт кешені 12 мың адамға арналған. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»