03 Қыркүйек, 2016

Әдебиетшілерге «Алаш» сыйлығы берілді

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-09-16-alash_nagradaҚазақстан Жазушылар одағында бір топ қалам­герге Халықаралық «Алаш» сыйлығы тапсырылды. Әлеуеті зор бұл сыйлық ең алғаш рет егемендіктің елең-алаңында Түркиядан қоныс аударған абыз ақсақал Халифа Алтайға берілген екен. Сыйлық содан бері үздіксіз иелерін тауып келеді. – Халықаралық маңызды сыйлықтың бүгінгі иегерлері бәсекеге түскен 74 адамның іші­нен іріктелініп алынды, – деді Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай. – Қазақ­стан Республикасы Тәуел­сіздігінің 25 жылдық мерекесі қар­са­ңында, еліміз үшін ең ұлық мерекенің алдында осындай ма­рапатқа ие болуларыңызбен шын ж­ү­ректен құттықтаймын. От­ба­сы­ларыңызға аман­дық, шы­ғар­машылық қыз­­меттеріңізге бұдан да зор та­быс тілеймін! Сыйлық иелеріне арнайы дипломмен қоса лауреаттық төс­белгі, ақшалай сыйлық бе­рілді. Оза шауып бәйге алған дара­боздардың алдыңғы шебінде  ел газеті «Егемен Қазақстанның» екі бірдей қаламгері бар. Бірі – газеттің ардагері, жазушы-журналист, драматург Жұмагүл Қуа­ныш­бекқызы (Солтиева). Ол «Са­ғым қуғандар», «Әйел махаб­ба­ты» пьесалары үшін, ал  ақын-пуб­лицист Қорғанбек Аман­жол «Ала­па» өлеңдер жи­нағы үшін иеленді. ...Алғашқы сол бір өлеңмен Өріліп шыққан өнермен, Құс жолы қалқып төбемнен, Қиқумен жаным жебелген, Әлі де ұшып келем мен!.. – деп салтанаттың шырайын жырмен ашқан адуынды ақын Қорғанбек Аманжолдың сырлы өлеңінен соң ақсақал қалам­герлер  – Әдібай Табылдиев пен Әбіл­файыз Ыдырысов марапат иелеріне алғыс, тілектерін білдірді. Сонымен қатар, Мол­дах­мет Қаназов, Сұлтан Оразалинов, Өте­ген Оралбаев, Жанат Әскер­бекқызы, Қуанышбай Құр­манғалиұлы қатарлы бірқатар белгілі қаламгерлер әдеби сый­лықтың иегерлері атанды. Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ Суретті түсірген Нұрманбет ҚИЗАТОВ