03 Қыркүйек, 2016

Сала алдында сандаған міндет тұр

240 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
эмблема 100 нақты қадам-цвМемлекет басшысы Ұлт жоспары «100 нақты қадам», «5 институттық реформа» бағдарламалық құжаттарында, «Мәңгілік Ел» идеясы жобасында білім беру жүйесінің алдына мазмұнды жаңалау және оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша нақты міндеттер қойды. Бүгінгідей төрткүл дүние көз ілеспес шапшаңдықпен өзгеріп жатқан заманда  білім беру саласының өркениет көшінен қалып қоюына мүлде болмайды. Жаңалық атаулының алдында жүріп, бәсекеге қабілетті жаңа буынды даярлап шығару – сала алдында тұрған сандаған міндеттер ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Соңғы жылдары Қарағанды облысы білім беру жүйесі бо­йынша бірқатар қанатқақты жоба­ларды жүзеге асыруда оң нәти­желерге қол жеткізіп келеді. Атап айтсақ, жалпы орта білім беру саласында біздің облыс электрондық мектеп, білім беру робот техникасы, үштілділік және инклюзивті білім беру сияқты инновациялық жобалар бойынша республикалық тәжі­рибе алаңына айналды. Бiлiм берудi дамытудың мем­лекеттiк бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Қарағанды облысы республикада үшінші орында тұр. Жалпы білім беретін пәндер бойынша респуб­ликалық олим­пиада және ғылыми жоба­лар, кон­курстар қорытындылары бойынша Қарағанды облы­сы­ның командасы биыл да рес­пуб­ликада үздік деп танылды. Біз­дің оқушыларымыздың ха­лық­­аралық олимпиадалардағы медаль­дарының саны да көбейді. Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша облысымыз  республика бойынша алдыңғы қатарға шығып, орташа нәтиже республикалық көрсеткіштен жоғары болды. Компьютерлік техникамен жабдықтауға келсек, бүгінгі күні облыс мектептеріндегі есептегіш машиналар паркі – 31 мыңнан астам бірлікті құрайды. Бұл ескірген компьютерлік техниканың санын 11,5%-дан 10%-ға дейін, бір компьютерге келетін оқушылар санын 6-дан 5,4-ке дейін азайтуға мүмкіндік берді. Мектептерді жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықтау 58%-дан 60%-ға дейін өсті. Мектептердің 82%-ы кең жолақты интернетке қосылған. Бұқар жырау және Жаңаарқа аудандарында жаңа мектептер, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар­ға ар­налған мектеп-интернатқа қосымша ғимарат салынып, пайда­лануға берілді. Облысымызда екі апатты мек­теп бар. Осы жыл­дың маусым айында Абай ауданының Құрма ауылында 320 орындық мектептің құры­лы­­сы аяқталды. 2016 жылдың қазан айында Ұлы­­тау ауданы­ның Бетбұлақ ауылында салы­нып жатқан 80 орынды мектеп қол­данысқа енгі­зі­леді. «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша үш ауы­сымдық оқы­туды жою мақсатында Сәтбаев қала­сында 600 орындық және Қарағанды қаласында 1200 орын­дық мектептерді салу құрылысы аяқталуға жақын. Жоспар бо­йынша жылдың соңына дейін осы нысандар толығымен пайдалануға берілуі тиіс. Мектептегі білім беру жөнінде айтқанда, облыс мектептерінің 46%-ы шағын жинақтық сана­ты­на жататынын ескерткен жөн. Бұл дәстүр­лі түрде қалыптасқан сәйкессіздік ауыл мектеп­терінің білім беру сапасының деңгейі­мен және қызметінің тиімділігі­мен байланысты туындайтын проблемалардың бастауы болып табылады. Осы проблемаларды шешу үшін соңғы жыл­дары облыста көптеген жұмыстар атқа­рылуда. Биылғы ҰБТ қорытындылары бойынша қала мен ауыл көрсеткіштері арасындағы алшақтық 2 балға төмендеді. 123 балл алған үш түлектің екеуі ауылдық – Ұлытау және Бұқар жырау аудандарынан. Облыстық олимпиадаға қатысқан ауыл мектептері оқушыларының саны 20%-ға, облыстық кезеңге ғылыми жобаларын ұсынған оқушылар саны 15%-ға көбейді. Облыста мұғалімдер мен ата-аналарға ыңғайлы болу үшін 10 мектептің базасында ал­ғаш­қы сынақтан табысты өткен «Элек­трондық сынып журналы» жобасы жасалып, енгізілді. Жаңа оқу жылынан бастап электрондық сынып журналы жоба­сына Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау және Шахтинск қалаларының барлық мектеп­тері көшті. Жобаның мақсаты – қағаз тасымалдаушыларынан бас тарту, бағалау әдісін жеңіл­дету және ата-аналармен кері бай­ланыс­ орнату. Бұл ретте ата-ана­лар Android және iOS ұялы телефондары­на жүктеу арқылы «EduMark» мобильдік қосымшасымен баланың оқу үлгерімі мен сабақ­қа қатысуы жайлы ақпарат ала алады. Мұғалімдермен бір­ге про­блемалық мәселелерді тал­қы­­лайды. Мобильдік қосым­ша­лардың көмегімен ата-аналар өз балаларының оқу үлгерімі мен сапасын біле алады. Білім берудің жаңғыртылған  мазмұны – ата-аналар мен педагогикалық қауым­дастықтан жоғары дең­гейдегі ұйымдас­тыруды, жауап­кершілікті, ұтқырлықты, тұтас­тықты, өзара қолдау мен түсі­ністікті талап ететін зор міндет және қатаң сынақ. Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, Қарағанды облыстық білім беру басқармасының басшысы ҚАРАҒАНДЫ