03 Қыркүйек, 2016

Өңірлердің өзекті мәселелері

338 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Асқар Мырзахметов,77бейнебайланыста талқыланды Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтің төрағалығымен селекторлық режімде Жамбыл және Қарағанды облыстарының ауыл шаруашылығы саласының жай-күйі мен проблемалық мәселелеріне арналған отырыстар өткізілді. Жиынға Ауыл шаруашылығы вице-министрлері және ведомстволық коми­теттер мен департаменттер басшы­лары, Жамбыл және Қарағанды облыс­тары әкімдерінің орынбасарлары мен об­лыс­тардың ауылшаруашылық құры­лым­дарының қызметкерлері, сондай-ақ, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымдарының өкілдері қатысты. «Еліміздің барлық өңірлерінен күн тәртібінде тұрған АӨК-тің пробле­малы мәселелерін жинақтадық. Осы материалдардың негізінде арнайы кесте түзіліп, бүгіннен бастап әр аймақ­тың түйткілдерін жеке-жеке бейне­кон­фе­ренциялық байланыс арқылы қарау­ды бастаймыз. Бұл шаралардың басты мақсаты мәселелерді көтеріп қана қоймай, нақты шешімдер қабылдау және Ауыл шаруашылығы министрлігі мен аймақтық атқарушы органдар арасында тиімді қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру болып табылады», деп атап өтті А.Мырзахметов. Жаңа форматтағы бұл үрдіс Жамбыл және Қарағанды облыстарының мәселелерін талқылаудан басталды. Бейнебайланыс барысында жам­был­дықтар тарапынан бірінші кезекті мәселе ретінде мал шаруашылы­ғы саласына субсидияның жетіспеуші­лігі, тиімділігі айтылды. Бұған орай, министрлік өкілдері экономикалық өсім мен 2016 жылғы жұмыспен қамту ауқымын ұлғайту аясында министрлік­тің облыс әкімдіктерімен бірлесіп мал шаруа­шылығын дамытуды субсидиялау үшін қосымша 30,2 млрд теңге сомасында қаржы бөлу бойынша бюджеттік сұра­ным әзірлегенін атап өтті. Екінші кезек­те малға арналған нөмірленген құлақ сыр­ға­­ларының жеткізілуі мәселесі тал­қыға түсті. 2015-2016 жылдардың өтінімі бо­йын­ша сұралған сырғалар діттеген жеріне уақтылы жеткізілмеген. Бұл орайда А.Мырзахметов жауапты құрылымдарға аталған олқылықтың алдағы уақытта қайталанбауын қатаң ескертіп, сырғалардың арнайы қоры жасалуын және де әр жылдың 1 наурызына дейін сырғалардың тиісті орындарға жеткізу міндетін қолданыстағы ережеге енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, Жамбыл облысы аграршыларын мазалап отырған тағы бір түйткіл – лизингке техника беру ережесін елеп-екшеу мәселесі қызу талқыланды. Өңір өкілдерінің пікіріне сүйенсек, әр өңірдің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес лизингтік талаптарды Қазақстан бойынша бірыңғай қолдануға келмейді. Мәселен, бір техникаға байланысты жердің көлемі оңтүстікте солтүстікке қарағанда әлде­қайда төмен. Осыны ескеру керек. Гео­графиялық ерекшелікке қарай мұнда көлем мен көрсеткіштерге байланысты бірқатар қиындықтар бар. Өз кезегінде, сындарлы ұсыныстарды қабылдауға әзір екендігін атап өткен Ауыл шаруашылығы министрі өз қызметкерлеріне лизингтік талаптарды әр өңірдің ерекшелігіне қарай қайта қарастыруға тапсырма берді. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан»