03 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №588

198 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 2 тамыз , Астана қаласы Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге тыйым салуды енгізу туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46 және 47-баптарына, сондай-ақ осы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, оның ішінде тотығуға төзімді болатты (ЕЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) және өзгелерін (ЕЭО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0) қоспағанда, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 7204) әкетуге тыйым салу енгізілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ.Ержанов): 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы; 2) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарласын; 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі белгіленген тәртіпте: осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін, мерзімдік баспа басылымдарында жариялағанға дейін, Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салу туралы хабардар етсін; Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Еуразиялық экономикалық одағына мүше басқа мемлекеттердің осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараларды қолдануы туралы ұсынысты енгізсін. 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ.Ержанов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж.ҚАСЫМБЕК «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ____________Б.СҰЛТАНОВ 2016 жылғы 27 шілде «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ____________Е.ЫДЫРЫСОВ 2016 жылғы «____» _______ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы _____________ М.ТІЛЕУБЕРДІ 2016 жылғы «25» шілде «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________ Қ.БИШІМБАЕВ 2016 жылғы «26» шілде Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 19 тамызындағы Норма­тивтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14127 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20