2011 жылғы 2 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулы етеді:
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
3-тармақта:
3) тармақшаның екінші абзацы «растаған» деген сөзден кейін «осы Ережеге» деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақшаның екінші абзацы «13)» және «16-2)» деген сандардан кейін тиісінше «, 13-1)» және «, 16-3)» деген сандармен толықтырылсын;
4-тармақ «негіздемесін» деген сөзден кейін «осы Ережеге» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші санат – жоғары білімі мен тиісті қызмет саласындағы ұқсас лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар бірінші басшыларды, олардың орынбасарларын, қаржы және техникалық директорларды, сондай-ақ бас инженерлерді, конструкторларды, технологтарды, энергетиктерді, металлургтерді, сәулетшілерді, геологтарды, геофизиктерді тартуға;»;
10-тармақтың 4) тармақшасындағы, 12-тармақтың 6) тармақшасындағы, 18-тармақтағы «халықаралық шарттарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасына енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдар тартатын шетелдік қызметкерлерді, оның ішінде технологиялық жабдықты іске қосу, баптау және монтаждау жөніндегі жұмыстарды атқаратын мердігерлерді;»;
17-тармақ «нәтижелері бойынша» деген сөздерден кейін «осы Ережеге» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Жұмыс берушілер мынадай шарттарды сақтаған жағдайда уәкілетті орган оларға рұқсат беруді жүргізеді:
1) тартылған және тартылатын бірінші санаттағы шетелдік мамандардың жалпы саны:
2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін бірінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 50 %-ынан;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап бірінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 30 %-ынан аспауға тиіс;
2) тартылған және тартылатын екінші және үшінші санаттағы шетелдік мамандардың жалпы саны:
2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін екінші және үшінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 30 %-ынан;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап екінші және үшінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 10 %-ынан аспауға тиіс.
Жұмыс беруші кадрлардағы қазақстандық қамтудың есебі туралы ақпаратты уәкілетті органға осы Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынады.
Осы тармақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды және Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргенге дейін қолданылады.»;
20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Жұмыс берушіге рұқсат берген кезде онымен алдын ала жасалған жазбаша келісім бойынша әрбір рұқсат бойынша осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес мынадай ерекше шарттардың біреуін орындау жүктеледі:»;
21, 22-тармақтар «қоса берілетін» деген сөздерден кейін, 23-тармақ «атауы көрсетілген» деген сөздерден кейін «осы Ережеге» деген сөздермен толықтырылсын;
24-тармақтағы «жиырма» деген сөз «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармақтағы «органның» деген сөз «орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:
«30-1. Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасының тізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымға берілген рұқсатта тиісті жобаның атауы көрсетіледі.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Осы Ереженің 32-1-тармағында көзделген жағдайларды, сондай-ақ рұқсат алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде 60 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуді қоспағанда, уәкілетті орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
«32-1. Шетелдік қызметкерлер функционалдық міндеттемелерін күнтізбелік бір жыл ішінде 60 күнтізбелік күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы үшін уәкілетті орган жұмыс берушінің өтініші бойынша және орталық атқарушы органмен келісім бойынша шетелдік жұмыс күшін екі және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірлікте еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартуға рұқсат береді (рұқсатты ұзартады).
Мұндай рұқсаттарды беру (ұзарту) жұмыс беруші бұдан бұрын ұсынған құжаттардың негізінде бір әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын бастапқы рұқсатты алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл жағдайда жаңа рұқсаттың қолданылу мерзімі жұмыс беруші уәкілетті органға кері қайтаратын бастапқы берілген рұқсаттың қолданылу мерзімімен шектеледі.
Бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын рұқсат беруге (ұзартуға) келісім алу үшін уәкілетті орган жұмыс берушінің құжаттарын алдын ала қарау кезеңінде орталық атқарушы органға рұқсат берудің (ұзартудың) жазбаша негіздемесін жібереді.
Орталық атқарушы орган негіздемені алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға келісу немесе келісуден бас тарту туралы хат жібереді.
Уәкілетті органның бір және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын рұқсатты беруі (ұзартуы) келісім алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.»;
35-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жұмыс беруші шетелдік қызметкерлерді рұқсатсыз тартқан, шетелдік қызметкерлерді басқа заңды және (немесе) жеке тұлғаларға жалға берген, сондай-ақ осы Ереженің 19-1-тармағында көзделген шарттарды бұзған жағдайда. Мұндай жағдайларда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы рұқсат берілмейді;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жұмыс беруші рұқсат алу үшін өтініш берген кезде осы Ереженің 19-1-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған жағдайларда берілмейді.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Жұмыс беруші уәкілетті органның шешімімен келіспеген кезде қабылданған шешімнің негізділігі мәні бойынша орталық атқарушы органға өтініш жасай алады.
Орталық атқарушы орган жұмыс берушінің өтінішін қарау нәтижесі бойынша өз қорытындысын тиісті уәкілетті органға жібереді, ол туралы жұмыс берушіге хабарлайды.
Оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган орталық атқарушы органның қорытындысын оны алған күннен бастап он жұмыс күнінен асырмай орындауға тиіс.
Орталық атқарушы орган теріс қорытынды шығарған кезде жұмыс беруші оған сот тәртібімен шағымдана алады.»;
39-тармақтағы «он» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
40-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жұмыс беруші осы Ереженің 19-1-тармағында белгіленген рұқсат беру шарттарын сақтамаған жағдайларда жүзеге асырылмайды.»;
46-тармақта:
4) тармақша «бойынша» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылсын;
мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) жұмыс беруші осы Ереженің 19-1-тармағында белгіленген рұқсат беру шарттарын сақтамаған жағдайда;
6) жұмыс беруші шетелдік қызметкерлерді басқа заңды және (немесе) жеке тұлғаларға жалға берген жағдайда»;
Ережеге 6-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 6-1-қосымшамен толықтырылсын;
Ережеге 8-қосымшада:
бірінші бөлікте:
5) тармақша «әкесінің аты» деген сөздерден кейін «(оның ішінде латын әріптерімен)» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);»;
9) тармақшадағы «тартылса)» деген сөзден кейін «;» тыныс белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардағы қазақстандық қамтудың есебі ұсынылады.»;
екінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасына енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын, сондай-ақ олардың мердігер ұйымдарында технологиялық жабдықты іске қосу, баптау және монтаждау жөніндегі жұмысты орындайтын ұйымдарға»;
Ережеге 9-қосымшада:
5) тармақшада:
«әкесінің аты» деген сөздерден кейін «(оның ішінде латын әріптерімен)» деген сөздермен толықтырылсын;
«тарифтік-біліктілік сипаттамаларына» деген сөздерден кейін «және орталық атқарушы орган бекітетін 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың (бар болса) нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес кадрлардағы қазақстандық қамту есебі.
Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасына енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдарға, сондай-ақ олардың мердігер ұйымдарында технологиялық жабдықты іске қосу, баптау және монтаждау жөніндегі жұмысты орындайтын ұйымдарға шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде осы қосымшаның 1) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 71 қаулысына 1-қосымша
Ережеге 6-қосымша
Жұмыс берушімен рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу
р/с
№ |
Тартылатын
шетелдік
қызметкерлердің
Т.А.Ә. |
Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкер-лердің санаты, мамандығы, біліктілігі (кәсібі, лауазымы) |
Ерекше шарттың
атауы |
Ерекше шартты орындау
кезінде қатыстырылған
қазақстандық және (немесе) шетелдік азаматтардың саны |
Мамандықтардың,
біліктіліктердің
атауы (кәсіптер,
лауазымдар) |
Ерекше
шарттарды
орындау
мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
Келісілген:
___________________________ ___________________________________ ____________________________ _____________________
(уәкілетті органның атауы) (қолы, тегі, лауазымы) (жұмыс берушінің атауы) (қолы, тегі, лауазымы)
201__жылғы «___»_____________ М.О. 201__жылғы «___»___________ М.О.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 71 қаулысына 2-қосымша
Ережеге 6-1-қосымша
Кадрлардағы қазақстандық қамту есебі туралы ақпарат
Р/с
№ |
|
Жұмыс берушінің нақты
қызметкерлерінің саны, адам |
Тарту жоспарланған шетелдік жұмыс
күшінің саны, адам |
3 баған +
5 баған |
4 баған +
5 баған |
Шетелдік жұмыс
күшінің қызметкерлерінің
жалпы санына қатысты %, 7 баған/6 баған *100% |
барлығы |
оның ішінде шетелдік
жұмыс күші |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
1-санат |
|
|
|
|
|
|
2 |
2 және 3-санат |
|
|
|
|
|
|
|
БАРЛЫҒЫ |
|
|
|
|
|
|
Басшы: _____________________________________ (қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы) М.О.