Биыл Қызылорда облысының күрішшілері гектарына 52 центнерден артық өнім алуда. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жақанов Астанада өтіп жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде мәлімдеді.
«Күріш бастыру жұмыстары қазан айында ғана аяқталады. Сол кезде гектарына қанша центнерден өнім алынғандығын анық айтуға болады. Дегенмен, қазірдің өзінде гектарына өткен жылмен салыстырғанда 2 центнерге артық өнім алынуда. Жалпы алғашқы өнімдерімізді Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай елорда жұртшылығына жеткіздік. Бұл – Сыр елінің сый-тартуы», – деді Бақыт Жақанов.
Жәрмеңкеге Қызылорда қаласы мен облыстың 7 ауданынан жалпы сомасы 70 млн теңгенің 45 өнім түрлері жеткізілді. 400 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдерінің 70 тоннасы, сондай-ақ, 90 тоннаға жуық көкөніс, 70 тонна бақша дақылдары, 33 тонна картоп, 20 тонна Арал теңізінің балығы, 6 тонна алма және жеміс-жидектер, 4 тонна сүт өнімдері және қымыз-шұбат, 2 тонна бал, 3 тонна кондитерлік өнімдер, 6 тонна ет және шұжық өнімдері, 1 тоннаға жуық ұлттық тағамдар мен 5 тонна Арал тұзы ұсынылды.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өтіп жатқан Сыр елінің елордадағы күндері аясындағы жәрмеңке екі күнге ұласады.
Динара БІТІКОВА

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше