03 Қыркүйек, 2016

Көшпелілердің бүкіләлемдік ойыны басталар шақ жақын (фото)

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03-09-16-igri-01

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Чолпон-Ата қаласында бүгін салтанатты жағдайда ашылғалы тұрған Көшпелілердің екінші бүкіләлемдік ойынына әр елден келген спортшылар суретке түсіп, бір-бірлерімен танысып жатыр. Жаһандық жарыс облыс орталығындағы ипподромда салтанатты жағдайда ашылады. «Репортер» агенттігінің мәліметінше, әзірге Ойындарға 41 елден өкілдер келгені белгілі болды. Олардың қатарында АҚШ, Антигуа және Барбуда, Армения, Әзербайжан, Бангладеш, Беларусь, Бенин, Бразилия,  Гватемала, Германия, Грузия, Жаңа Зеландия, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Литва, Мадагаскар, Мажарстан, Молдова, Моңғолия, Норвегия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Пәкістан, Польша, Ресей Федерациясы (Башкортостан, Қарачай-Черкессия, Краснояр өлкесі, Свердлов облысы, Татарстан, Хакасия, Челябі облысы), Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Украина, Филиппин, Финляндия, Үндістан, Чехия, Швейцария, Шри-Ланка, Эквадор бар. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ

03-09-16-igri-02

03-09-16-igri-03

03-09-16-igri-04

03-09-16-igri-05

03-09-16-igri-06

03-09-16-igri-07